Жоржиньоға талас басталды

28.05.2020, 19:53
«Челси» бұл ойыншыны сатамыз деп отырған да жоқ.
Жоржиньоға талас басталды

"Ювентус" бас бапкері Маурисио Сарри "Челси" жартылай қорғаушысы Жоржиньоны өзінің қазіргі командасына алғысы келеді. Бірақ бұл ойыншыға "Бавария" мен "ПСЖ" да таласып отыр. Ортада ойнайтын мұндай аяқдопшы алпауыт командаларға қатты қажет. "Челси" бұл футболшыны сатқысы жоқ. Алайда, "Юве" басшылығы "ақсүйектерге" Миралем Пяничті қоса бергісі келіп отыр. Клубтар арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Жоржиньоның келісім 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Жартылай қорғаушы 37 ойында 7 гол және 2 асист жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×