“Селтиктің” негізгі құрам ойыншысы саналатын Жотаға еурокубок ойыны алдында не болды?
Осы жылдың басынан бері “Селтик” клубында өнер көрсетіп жатқан жас вингер Жота Шотландия Чемпионшипінің плей-офф кездесуінің “Данди Юнайтедке” қарсы 26 сәуірде өткен кездесуінен бері жарақатын емдетуде. Сол уақыттан кейін ол крест байламына от жасатып, өз командасының 13 кездесуінен шет қалды. Жалпы португалдық осы маусымда Глазго ұжымы үшін 11 матч өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді.
26 жастағы ойыншы transfermarkt мәліметінше, келесі жылдың 3 қаңтарында жасыл алаңға қайта оралады деп күтілуде.
Айта кетейік, Жота өз мансабында “Селтиктен” бөлек, “Бенфика”, “Реал Вальядолид”, “Иттихад” және “Ренн” ұжымдары намысын қорғады.
Еске салсақ, “Селтик” ұжымы “Қайраттың” Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне бір қадам бөліп тұрған қарсыласы.