Жозе Моуринью жамандаған төреші «Ақтөбенің» еурокубоктағы ойынына қазылық етеді

26.07.2025, 13:14

«Спарта» – «Ақтөбе» матчын италиялық төрешілер қадағалайды.

 

Жозе Моуринью жамандаған төреші «Ақтөбенің» еурокубоктағы ойынына қазылық етеді

УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында «Спарта» (Прага, Чехия) мен «Ақтөбе» командаларының ойынын Италиядан келген төрешілер бригадасы басқарады. Бас төреші қызметін Даниэле Киффи атқарады.

Жауапты кездесу 2025 жылдың 31 шілдесінде, Астана уақытымен сағат 23:00-де, Прагада өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Жозе Моуринью «Рома» клубын тізгіндеген сәтте Даниэле Киффиді «ең нашар төреші» деп айыптаған болатын. Салдарынан ол 50 000 еуро айыппұл арқалап, 2 матчқа шеттетілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×