Кеше, 5 мамырда «Рома» Конференция лигасының жартылай финалындағы жауапты ойында «Лестер Ситиді» жеңді (1:0). Осылайша, екі матчтың (1:1, 1:0) қорытындысы бойынша Жозе Моуриньо шәкірттері турнирдің финалына шықты.
Соның арқасында португалиялық маман өзі жаттықтырған командаларды Чемпиондар лигасының («Порту», «Интер»), Еуропа лигасының («Манчестер Юнайтед») және Конференция лигасының финалына шығарған алғашқы бапкер атанды. Аталмыш командалардың әрқайсысымен Моуриньо трофей иеленген. Сонымен қатар 2003 жылы Жозе «Портумен» бірге УЕФА кубогін жеңіп алды.
Еске салайық, Конференция лигасы биылғы маусымда алғаш рет өткізіліп отыр. Финалда «Рома» «Фейеноордпен» кездеседі. Шешуші матч 25 мамырда Тиранадағы (Албания) «Арена Комбетаре» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET