Атақты маман “Қайратқа” Чемпиондар Лигасында қол ұшын созуға дайын.
Бірақ атақты бапкерді Қазақстанға алып келу үшін оған 20 млн еуро жалақы төлеу керек болады. Бұл Моуриньоның соңғы командасы “Фенербахчеде” алған жалақысынан 9 млн еуроға көп.
Әрине, бұл “Қайрат” ұжымының қалтасына біраз салмақ салары анық. Оның үстіне Жозе істеген жұмысын аяғына дейін аяқтамағаны үшін қосымша клубтан ақы алады. Мәселен, бапкерлік мансабында португал маманы өз қызмет атқарған 7 клубтан дәл осы себеппен 115 млн еуро өтеп алған.
Айтпақшы, Моуриньо 20 млн еуроны құрайтын жалақы болса, Ресейге де баратынын ашық жеткізіпті.
Еске салайық, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде “Спортинг”, “Олимпиакос”, “Пафос”, “Реал Мадрид”, “Интер”, “Копенгаген”, “Брюгге” және “Арсенал” ұжымдарымен кездеседі. Ал бұл матчтарға алматылықтарды қазіргі бапкер Рафаэль Уразбахтин дайындайтын болады.