"Бенфикаға" қарсы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін Жозе Моуринью "Фенербахче" бас бапкері қызметінен босатылған еді. Көп ұзамай Португалдық маман дәл сол Лиссабонның "Бенфикасымен" келісімшартқа отырды.
Айтулы матчта шешуші гол соққан Мухаммед Керем Актюркоглу керісінше “Бенфикадан" Түрік клубына ауысып, оқиғаның айналасындағы қызу талқылауды одан әрі өршітті.
Жаңа клубтағы таныстырылымда Моуриньо көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады:
"Фенербахчеге бару менің қателігім болды. Бұл менің мәдени деңгейіме де, футболдық стандарттарыма да сай келмеді. Бұл қате таңдау болды, бірақ еш өкінбеймін.” – деді ол.
Сонымен қатар, ол "Бенфиканы” жаттықтыру өзінің әлемдік деңгейдегі командалармен жұмыс істеу деңгейіне қайта оралғанын білдіретінін атап өтті.
Түркиялық белгілі журналист Атилла Гёкче (Milliyet) Моуриньоның сөзіне сын айтты:
"Моуриньо клубқа өтемақы төлеуі керек. Оның мансабында тек жеңістер ғана емес, сәтсіздіктер де бар. Ол әрдайым ойыншылармен және бапкерлермен ортақ тіл таба бермейді. Оның ойыны жанкүйерлерге ұнай бермейтіні жасырын емес, бұл жолы да жанкүйерлердің ашу-ызасына себеп болды.” – деді ол.
"Фенербахче” президенті Али Коч та үн қатты:
"Оны қызметінен босату оңай болмады. Моуриньо біз үшін отбасы мүшесіндей еді. Бірақ кетерінде айтқан “менің деңгейімдегі клуб емес” деген сөзі дұрыс болмады. Бізбен өткізген уақыттан тек жылы естеліктер қалды. Дегенмен, 2023/24 маусымында 99 ұпай жинаған ойыншылардың кейінгі нәтиже көрсеткіштері айтарлықтай төмендеп кетті мен оны да Моуриньюға ашық айтқанмын.” – деп пікір білдірді Коч.
Моуриньоның "Бенфикамен” келісімшарты 2026/27 маусымының соңына дейін жасалды. Алайда 2025/26 маусымының соңынан кейін екі тарап 10 күн ішінде келісімді келесі маусымға автоматты түрде ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдай алады.