"Тоттенхэм" клубының бас бапкері Жозе Моуринью Премьер-Лига басшылығын команданың кестесіндегі ойындар үшін сынға алды. Еске салайық, Англия Премьер-лигасының 16-турындағы "Фулхэммен" болатын кездесу кейінге қалдырылған еді.
"Маған осы маусымның ұйымдастырылуы басынан бастап-ақ ұнамады. Бірақ сол кезде мен командамның матчтары соңғы сәтте кейінге шегеріледі деп ойлаудан аулақ болдым. "Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Сити" маусымды бізбен бір уақытта бастамағаны үлкен мәселе емес сияқты. Олар өткен маусымда Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасындағы ойындарына байланысты қосымша дайындыққа лайық болғанын түсінемін.
Бірақ мен шынымен түсінбейтінім - кейінге қалдырылған матчтардың қашан өтетінін білмей маусымды қалай бастауға болады? Матчты кейінге қалдырғаны туралы ойынның басталуына үш сағат қалғанда білдік.
"Фулхэммен" қашан ойнайтынымызды білгім келеді. Мен Англия лигасы кубогының финалы туралы сөйлесуден бас тартамын, мүмкін онда "Брентфорд" ойнайтын шығар, біз емес. Бірақ менің командам "Фулхэммен" қашан кездесетінін білгім келеді. Сонымен бірге мен маусым басындағы матчтарды талқылаудан бас тартамын. Маусымның басында сіз мұны қалай болса да жеңе аласыз. Премьер-лига басшылығы "Тоттенхэм" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өте алатынын ұмытып кетті. Сондықтан мен күтемін", - деді Моуринью ESPN-ге берген сұхбатында.
Премьер-лига басшылығы "Тоттенхэм" мен "Фулхэм" кездесуін басталуға үш сағат қалғанда өткізуден бас тартты. 2020 жылғы 30 желтоқсанға жоспарланған кездесу "Фулхэмде" коронавирус жұқтырған адамдардың көп болуына байланысты өткен жоқ.
Біздің серіктес: FONBET