Жозе Моуринью "Челсиге" бас бапкер болып тағайындалды
30.05.2013, 18:26
Жозе Моуринью “Челсиге” оралды. 2004-2007-ші жылдары лодондық клубты жаттықтырған әйгілі бапкер төрт жылдық келісім шартқа қол қойды. Осы уақыт аралығында 50 жастағы португалдықтың табысы 40 миллион фунт стерлинг яғни 46 миллион евроны құрамақ. Моуринью “Челсимен” екі мәрте Англия чемпионатын, Лига кубогын сондай-ақ Англия Супер кубогын жеңген болатын. “Ақсүйектерге” жеңісті дәстүр сыйлаған танымал бапкер енді жаңа маусымда бұрынғы клубымен жаңа белестерді бағындырмақ.