Джуд Беллингемсіз Англия құрамасы…. Тухельдің шешімі мен жас жұлдыздың үнсіз жауабы

14.10.2025, 17:50

Англия құрамасының бұл жолғы тізімінде басты жұлдыздардың бірі — Джуд Беллингем жоқ. Өткен маусымның соңында иығынан жарақат алған футболшы жарты жыл бойы ауырсынумен ойнап, жазда ота жасатқан еді. Соның салдарынан ол жаңа маусымда небәрі бір-ақ рет негізгі құрамда алаңға шыққан.

Джуд Беллингемсіз Англия құрамасы…. Тухельдің шешімі мен жас жұлдыздың үнсіз жауабы

Бұндай шешім, әрине, көпшіліктің назарын аудартпай қойған жоқ. Көптеген сыншылар Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухельді Беллингемді шақырмағаны үшін сөге бастады.

Алайда 21 жастағы жартылай қорғаушы бұл жағдайға ашу білдірудің орнына, бәрін жеңіл қабылдағандай әсер қалдырды. Ол Мадрид қаласындағы хайуанаттар бағында керікге жем беріп тұрған суретін Instagram-ға жариялап, күлкілі ишарамен желі қолданушыларының назарын өзіне аударды.

Айта кетсек, “Реал Мадрид” өткен айда “Атлетикоға” қарсы дербиде 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже клубтың соңғы 75 жылдағы ең сәтсіз Мадридтік дербилерінің бірі ретінде бағаланды. Сол ойында Беллингемнің ойыны да сынға ұшырап, жанкүйерлер оны көлеңкеде қалған деп бағалады.

Томас Тухель болса, өз шешімін нақты және сабырмен түсіндірді. Оның айтуынша, Англия құрамасында соңғы айларда ұжым ішіндегі атмосфера өте жақсы болғандықтан, ол өткен айдағы тізімді өзгертпей қалдыруды жөн көрген.

“Қазір біздің құрамдағы рух пен бірлік өте жоғары деңгейде. Сондықтан мен өткен айда шақырылған футболшыларды қайта шақырдым. Әрине, жаңа есімдер қосылуы мүмкін, бірақ ол үшін әркім өз клубында лайықты деңгейде ойнауы тиіс.” — деді Тухель.

Ол Беллингемнің ерекше футболшы екенін мойындап, оған ешқандай жеке реніш жоқ екенін де қосты:

“Джуд — ерекше ойыншы. Мұндай деңгейдегі футболшылармен ерекше қатынаста болу қажет. Егер ол өз ырғағын қайта тапса, құрамадан өз орнын алады. Біз сөйлестік, арамызда ешқандай түсінбеушілік жоқ,” — деп бапкер нақтылап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×