Жуков Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды

08.11.2021, 15:04
Футболшы жарақатына байланысты екі аптаға қатардан шығып қалды.
Жуков Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, польшалық "Висла" клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Францияға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы ойында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды.

26 жастағы жартылай қорғаушы жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының орналасқан жеріне келмейтін болды. "Висла" ойыншысы тізесін зақымдап алды және кем дегенде екі апта алаңға шыға алмайды.

Оған қоса, 13 қарашада "Парк Де Пренсте" Талғат Байсуфинов мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов пен "Қайраттың" қапталдағы қорғаушысы Ян Вороговскийге де сене алмайды.

Қазақстан құрамасы 16 қараша күні "Астана Аренада" жолдастық кездесу аясында Тәжікстан құрамасымен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×