“Жұлдыз ауруына шалдығуға хақысы бар” – Шабуылшы командаласы туралы ауыз ашты

Бүгін, 10:45

Астаналық "Жеңіс" клубының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе команданың жаңа мүшесі,  жартылай қорғаушы Александр Меркельдің ұжымдағы бейнесі мен мінез-құлқы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жұлдыз ауруына шалдығуға хақысы бар” – Шабуылшы командаласы туралы ауыз ашты

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Лобжанидзе Еуропалық деңгейде тәжірибесі бар футболшының келуі команда үшін үлкен олжа екенін атап өтті.

Лобжанидзенің айтуынша, Меркель өзін өте қарапайым ұстайды. Дегенмен, оның өткен жолы мен кәсіби деңгейі аздап мақтанышпен қарауға мүмкіндік беретінін әзілмен жеткізді:

"Өзін өте жақсы ұстайды. Шыны керек, оның аздап жұлдыз болуға толықтай хақысы бар.  Жалпы алғанда, оның шеберлік деңгейінің өте жоғары екені бірден байқалады. Александр Меркель — "Жеңіс" үшін өте салмақты күшейту." — деді шабуылшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×