Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Руслан Валиуллин бүгінде қиын кезеңді бастан өткеруде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Допинг дауынан кейін үлкен футболға қайта оралған қорғаушы әлі де жаңа ұжым таппаған.
Өткен маусым аяқталған соң Петропавлдық “Қызылжар” клубымен қоштасқан Руслан қазіргі таңда еркін агент мәртебесінде. Трансферлік терезе жабылса да, ол еркін агент болғандықтан кез келген уақытта жаңа командаға тіркелуге құқылы. Алайда, әзірге ұсыныстар нақты іске аспай тұрған ұқсайды.
Руслан Валиуллин қазіргі жағдайы туралы Legalbet.kz тілшісіне берген қысқа сұхбатында жағдайдың мәз емес екенін аңғартты:
“Әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Әлі де келіссөздер жүргізіп жатырмын. Егер сәті түссе, еркін агент ретінде тіркеле аламын. Қазіргі уақытта өз бетімше жаттығып, бабымды сақтауға тырысып жүрмін.” — деді футболшы.