Жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

24.09.2020, 01:52
Требл жасаған Фликтің мүмкіндігі көбірек.
Жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімін ұсынды.

Ханс-Дитер Флик ("Бавария"), Юрген Клопп ("Ливерпуль") және Юлиан Нагельсман ("Лейпциг") 2019/20 маусымдағы үздік жаттықтырушы атағына таласатын болады. 55 жастағы Флик Мюнхеннің "Бавариясымен" бірге Бундеслиганы, Германия Кубогын және Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Ал 53 жастағы Клопп "Ливерпульмен" Англия Премьер-лигасын және УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. 33 жастағы Нагельсманн "Лейпцигпен" Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетіп, турнир тарихындағы осы кезеңге өткен ең жас менеджер атанды.

Одан бөлек, өткен маусымдағы үздік 10 жаттықтырушының тізімі жарияланды:

4. Томас Тухель ("Пари Сен-Жермен") - 76 ұпай;

5. Джан Пьеро Гасперини ("Аталанта") - 68 ұпай;

6. Хулен Лопетеги ("Севилья") - 57 ұпай;

7. Руди Гарсия ("Лион") - 32 ұпай;

8. Зинедин Зидан ("Реал Мадрид") - 25 ұпай;

9. Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити") - 11 ұпай;

10. Антонио Конте ("Интер") - 9 ұпай.

Сыйлықтың иегері 1 қазанда Ньондағы топтық кезеңнің жеребесі өтетін кезде белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×