УЕФА баспасөз қызметі жыл бапкері атағына үміткер үш жаттықтырушының есімін атады.
Тізімге Италия құрамасының бапкері Роберто Манчини, "Челсидің" бас бапкері Томас Тухель және "Манчестер Ситидің" жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола кірді.
Италия құрамасы Манчинидің жетекшілігімен Еуропа чемпионы атанды. Тухель баптайтын "Челси" финалда "Манчестер Ситиді" 1:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал Гвардиола "Манчестер Ситиді" Премьер-лига чемпионы қылды.
Біздің серіктес: FONBET