Жылдың үздік бапкері белгілі болды

18.12.2020, 06:01
Клопп бұл жүлдеге екінші жыл қатарынан ие болып отыр.
Жылдың үздік бапкері белгілі болды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұйымдастырған ресми рәсімде жылды қорытындылады. Ұйымның пікірінше, жылдың үздік бапкері атағына "Ливерпульдің" жаттықтырушысы Юрген Клопп ие болды.

"Лидс" клубының бас бапкері Марсело Бьелса мен "Баварияның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик те дәл осы марапатқа ұсынылған болатын.

Клопп бұл сыйлықты екінші жыл қатарынан алып отырғанын айта кеткен жөн. Өткен маусымда 53 жастағы Клопптың басшылығымен "Ливерпуль" соңғы 30 жылда алғаш рет Англия чемпионы атанды. Биылғы маусымда мерсисайдтық команда 28 ұпаймен Англия Премьер-лигасында көш бастап тұр. Неміс маманының клубпен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×