Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі кезінде өткен маусымның үздік бапкері мен үздік ойыншысы анықталды.
"Челсидің" жаттықтырушысы Томас Тухель жылдың үздік бас бапкері атанды. Томас бұл сыйлық үшін таласта Хосеп Гвардиола мен Роберто Манчиниді артқа тастады. Неміс маманы "Челсиді" қаңтар айында қабылдаған еді. Дебюттік маусымында Тухель "Челсимен" бірге Чемпиондар лигасында топ жарды.
Ал "Челсидің" жартылай қорғаушысы Жоржиньо жылдың үздік ойыншысы атанды. Ол өзінің командаласы Н'Голо Канте мен "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйнені басып озды.
Біздің серіктес: FONBET