Жылдың үздік қақпашысы анықталды

30.11.2021, 14:17
Қақпашы Лев Яшин атындағы жүлдеге ие болды.
Жылдың үздік қақпашысы анықталды

«Пари Сен-Жермен» клубы мен Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма 2021 жылғы әлемнің үздік қақпашысы атанды. Өткен жылдың үздік футболшыларын марапаттау рәсімі кезінде 22 жастағы қақпашы Лев Яшин жүлдесіне ие болды.

«Біз Еуропа чемпионатындағы жеңіспен барлық италиялықтарды қуанттық. Мен ПСЖ-ға ауысуға мүмкіндік бергендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл клубпен бәрін жеңемін деп үміттенемін. Мен отбасыма, қызыма және осы марапатқа жету үшін мүмкіндік жасаған барлық адамдарға рахмет айтамын», - деді Доннарумма.

Еске салайық, 2021 жылдың жазында Доннарумма Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатында топ жарып, турнирдің үздік ойыншысы деп танылған болатын.

Яшин атындағы сыйлық халықаралық деңгейде 2019 жылы тағайындалды. 2019 жылы бұл сыйлықтың алғашқы иегері ретінде «Ливерпуль» қақпашысы Алисон Беккер тіркелді. 2020 жылы бұл сыйлық коронавирустық пандемияға байланысты берілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×