Жылдың үздік қақпашысы кім болады?

26.11.2020, 02:40
Бұл тізімге үздік деген алты қақпашы енді.
Жылдың үздік қақпашысы кім болады?

FIFA өзінің ресми сайтында жылдың үздік қақпашысы номинациясына ұсынылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Үміткерлер тізімі: Алисон Беккер ("Ливерпуль"), Тибо Куртуа ("Реал"), Кейлор Навас ("Пари Сен-Жермен"), Мануэль Нойер ("Бавария"), Ян Облак ("Атлетико"), Марк-Андре тер Штеген ("Барселона").

Өткен маусымда Алисон «Ливерпульмен» Англия чемпионы, Куртуа «Реалмен» Испания чемпионы, Навас ПСЖ-мен Франция чемпионы атанды. Нойер «Бавариямен» требл жеңіп алды, ал Облак пен Тер Штеген трофейсіз қалды.

ФИФА The Best-2020 салтанатты жиынын 17 желтоқсанда өткізуді жоспарлауда және онлайн режимде өтеді. Үздік қақпашыларға дауыс беру бүгін, 25 қарашада басталып, 9 желтоқсанда аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×