«Барселона» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Педри France Football нұсқасы бойынша жылдың ең үздік жас ойыншысы атанды.
19 жастағы футболшы Парижде өткен салтанатты шарада Раймон Коп жүлдесіне ие болды.
«Мен жақында ғана 19 жасқа толдым және бұл тойлаудың ең жақсы тәсілі. «Барселонаға», мені қолдаған адамдарға, Месси сияқты капитанға рахмет. Көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамын. Мен бұл марапатты отбасыма арнағым келеді», - деді Педри.
Бұл сыйлыққа Мэйсон Гринвуд («Манчестер Юнайтед», 20 жас), Джамал Мусиала («Бавария», 18 жас), Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд, 18 жас) және Нуну Мендеш («ПСЖ», 19 жас) секілді ойыншылар таласқан болатын.
Өткен маусымда Педри «Барселона» үшін Ла Лигада 37 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Жазда жартылай қорғаушы Испания құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, кейін Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET