Зидан: "Энцоны əке ретінде жəне де бапкер ретінде де мақтан тұтамын"
01.12.2016, 18:37
"Энцомен əке ретінде жəне бапкер ретінде де мақтанамын. Сонымен қатар, бүгінгі ойында өнер көрсеткен барлық ойыншыларды мақтан етемін. Біз нені көксеген болсақ, соған қол жеткіздік: керемет ойын көрсете білдік, жас ойыншылар алаңға шығуға мүмкіндік алды.
Мариано тамаша голдарды салды. Маусым алдында мен одан команда да қалуың өтінген болатынмын. Қыста не боларын көреміз. Ал, Мартин Эдегор жайлы кесіп айта алмаймын. Ол 17 жастың өзінде, жеке тұлғасын жəне де қайсар мінезін қалыптастырған"
Баян Қабден