Зидан: "Мен Йовичті қолдаймын"

08.01.2020, 23:04
Зидан: "Мен Йовичті қолдаймын"

"Реал Мадридтің" бас бапкері Зинедин Зидан негізгі құрамға ілеге алмай жүрген шабуылшы Лука Йовичті қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды Marca газеті.

-"Йович - бұл клуб басшыларының жан-жақты ойластырып барып жасаған таңдауы. Себебі ол болашақ жұлдыз. Қазір Лука өзін барынша сабырлы ұстаған абзал. Ол әлі жас. Көп нәрсе үйренгісі келетіні көрініп тұр. Алдағы матчтарда барынша жиі алаңға шығарғым келеді", - дейді француз маманы.

Естеріңізге сала кетейік, Йовичті "Реал" 2019 жылы жазда Франкфурттің "Айнтрахтынан" 60 миллион еуроға сатып алған еді. Ла Лигада 12 матч өткізіп, тек 1 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×