48 жастағы француз маманы Зинедин Зидан бастаған «Реал Мадрид» Ла Лиганың 37-турында «Вильярреальды» жеңіп, Зидан клубта бапкер есебінде 11-ші кубогын жеңіп алды.
Зиданмен "Реал Мадрид" Ла Лигада екі рет, УЕФА Суперкубогында және Испания Суперкубогында, сонымен қатар клубтар арасындағы әлем чемпионатында және үш рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. 11 кубок жеңіп алу - бұл клуб тарихындағы жаттықтырушылар арасындағы ең жақсы нәтиже. Ал бұған дейін "Реал Мадридті" 1959-1974 жылдар аралығында баптаған Мигель Муньос 8 трофей жеңіп алған екен.
"Реал Мадрид" тарихта 34-ші рет чемпион болды. Соңғы рет Мадрид турнирді 2016/2017 маусымда жеңіп алған еді. Өткен маусымның чемпионы - "Барселона" Ла Лигада екінші орын алды.
Біздің серіктес: FONBET