Зиги Бадибанга: «Шымкентте болғаныма бақыттымын!»

11.09.2020, 15:22
«Ордабасы» командасының Бельгиялық жартылай қорғаушысы Зиги Бадибанга Қазақстан чемпионаты, ұлттық құраманың ойындары және Шымкенттегі өмірі жайлы пікірімен бөлісті.
Зиги Бадибанга: «Шымкентте болғаныма бақыттымын!»

- Зиги, «Ордабасының» соңғы ойындары сәтсіз өтті. Қателіктеріңізді саралап, қалыпқа келіп үлгердіңіздер ме?

- Менің ойымша соңғы матчтарда өзіміз ойлағандай жақсы болмадық. Шынын айту керек, «Қайрат» бізден жақсы ойнады. Барлық қателіктерді жою үшін уақыт керек. ⠀

- Келесі матчты сіздер бас бапкерсіз өткізесіздер. Цхададзенің алаңдағы рөлі қандай?

- Ия, онсыз қиын болады. Қазір біз теория жағынан көп жұмыс жасап жатырмыз. Цхададзенің кеңестерін тыңдаймыз. Бірақ білеміз, ол моральды тұрғыда бізбен бірге. ⠀

- Чемпионаттың үштен бірі артта қалды. Көшбасшы «Қайрат», ал «Ордабасы» тек алтыншы орында. Сіздің ойыңызша кесте қазіргі жағдайға сәйкес пе?

- Біз маусымды жақсы бастай алмадық. Кейін жағдайды түзедік. Әзірге алтыншы орын, қанағаттанарлық нәтиже. Бірақ маусым соңына дейін жоғары көтерілеміз. ⠀

- Қазақстанға келер алдын «Ордабасы», Шымкент жайлы естігенсіз бе? Ойыңыз шындықпен жанасты ма?

- Жоқ. Қазақстан жайлы тек досым Джуниор Кабанангадан естігенмін. Ол Қазақстан жайлы жақсы пікірлер айтатын. Шымкентте болғаныма бақыттымын! ⠀

- Сіз Бельгия, Нидерланды, Греция, Кипр және Молдова елдерінің чемпионаттарында ойнадыңыз, кейіннен Қазақстанға келдіңіз. Осы чемпионаттарды салыстырсаңыз, солардың ішінде біздің біріншілікті қандай орынға қояр едіңіз?

- Чемпионаттар әр түрлі. Қазақстанда қорғанысы көп, шағын футбол ойнайды. Бәріне үйренуге болады, тек икемделу керек. ⠀

- Сізді Шымкентте таниды ма? Бірге суретке түсіп, қолтаңба сұрайтындар бар ма?

- Ия (күледі). Мені осындай шаштарыммен есінде сақтамау мүмкін емес шығар. Менің мұнда жанкүйерлерім көп, соған өте қуаныштымын. ⠀

- Ұлттық астардан дәм таттыңыз ба?

- Палауды жақсы көремін, үнемі дәм татамын. Ал бесбармақ жегенім жоқ. ⠀

- Шымкенттік клубпен келісім шартыңыз қашан аяқталады?

- 2020 жылдың 13 қарашасында. ⠀

- Сіздің пікіріңізше Қазақстандағы үздік ойыншы кім?

- Абдуллай Диакате, Вагнер Лав және Абат Айымбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×