“Зимбру” командасының құрамы қос ойыншымен толықты

Қақпашы Иван Докич пен жартылай қорғаушы  Виктор Штына молдовалық командамен келісімге келді.

“Зимбру” командасының құрамы қос ойыншымен толықты

Қос футболшы командаға жазғы трансферлік ауысымда еркін агент ретінде қосылып отыр. 

27 жастағы Виктор Штына өз мансабында грекиялық АЕ Лариса, “Пансерраикос”, молдовалық “Сфынтул Георге”, “Милсами” және румыниялық “Астра” командасында өнер көрсеткен. 

Виктордың өзі “Зимбру” командасының түлегі. Ол Кишинев ұжымының жүйесінде 51 ойын өткізіп, 6 гол соқты. 

Футболшы мансабындағы ең сәтті маусымын “Сфынтул Георгеде” өткізді. Онда ол 2020/21 жылғы маусымда Молдова Кубогы мен Суперкубогыне қол жеткізді.

Қақпашы Иван Докич мансабының басым бөлігін өз отаны Сербияда өткізді. Бірақ соңғы 4 жылда ол Грекияда тәжірибе жинақтап, “Алмопос”, “Иллиополис”, “Еоликос” командаларында өнер көрсетті. Жалпы алғанда Докич Грекия чемпионаттарында 86 матч өткізіп, 104 гол жіберді. 

“Зимбру” командасы Иван үшін өз біріншілігінде абырой-атағы бар, чемпиондығы бір төбе алғашқы ұжым. 

Еске салайық, “Зимбру” командасы 24 шілде күні елордалық “Астанаға” қарсы Еурокубоктегі бірінші ойынын өткізеді. Молдовалық клуб соған дейін құрамын 6 футболшымен күшейтіп үлгерді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×