Зинедин Зидан Бэйлге риза емес

08.02.2020, 23:17
Зинедин Зидан Бэйлге риза емес

"Реал Мадрид" бас бапкері Зинедин Зидан шабуылшы Гарет Бэйлдің жаттығу жұмыстарына риза емес деп хабарлайды Marca.

Бэйл "Вальядолидпен" болған ойынға жарақатына байланысты қатыспаған еді. Ал "Сарагоса", "Атлетико" және "Реал Сосьедадқа" қарсы матчта бас бапкердің шешімімен алаңға шығарылмапты. Себебі, Зидан мен ойыншы арасындағы қарым-қатынас ушыға түскен.

Айта кетейік, Бэйл Испания Кубогының 1/4 кезеңіндегі "Реал Сосьедадпен" (3:4) болған ойынды соңына дейін көрмей, 83-минутта стадионннан кетіп қалған. Биылғы маусымда Гарет 5-кездесуде осындай қылық көрсетіп отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×