"Реал Мадридтің" бас бапкері Зинедин Зидан "Баварияның" қорғаушысы Давид Алабаны өз командасында көргісі келеді, деп хабарлайды Kicker басылымы.
Дереккөздің хабарлауынша, француз маманы 28 жастағы футболшымен тікелей байланыста. Бірақ корольдік клуб Зиданның ойын құптап отырған жоқ. Келесі жылы келісімшарты аяқталатын Алабаның агенттері клиентіне жылына 20 миллион еуро төлейтін клуб іздеуде, ал "Реал" мұндай ақша төлеуге дайын емес.
Мадридтік "Реал" Алаба мансабын "Пари Сен-Жерменде" жалғастырады деп үміттенуде. Футболшының қызметіне "Челси" де қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін Алаба "Баварияның" жаңа келісімшарт туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқаны туралы хабарланған болатын, ал осы айдың басында клуб аустриялықпен келісімшартты ұзартуға жаңа әрекеттер жасамайтынын мәлімдеді.
Біздің серіктес: FONBET