Зинедин Зидан: Мессидің осында қалғаны дұрыс

03.07.2020, 23:39
Месси «Барселонадан» кеткім келеді деп мәлімдеме жасады.
Зинедин Зидан: Мессидің осында қалғаны дұрыс

Осы мәлімдемеден соң түрлі пікірлер шыға бастады. Бірашама маман "дұрыс, кеткені жөн" деді. Ал Зинедин Зидан бастаған адамдар оның Ла-лигада қалғаны дұрыс деді.

- Лео Месси "Барселонаның" тірегі. Ол осы біріншіліктің сәні. Чемпионатымызда мықты футболшылар ойнағанын қалаймын. Дегенімен, ол қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Ол бізді әбден тығырыққа тіреді. Мессиге қарсы ғаламат жұмыс жасадық деп мақтана аламын. Соның арқасында біздің қорғаушылардың да деңгейі өсті, - дейді Зинедин Зидан.

Осының алдында ғана Месси клуб басшылығын сынап сұқбат берді. Командада жеңімпаз атанатын жобаларды тоқтатты. Сосын, жеңілістерге үнемі мені кінәлайды деді. Сонымен қатар, аргентиналық ойыншы клуб басшылығы мен қабылдамаған шешімдерге менің атымды жаба салады деп қоса кетті. Өзге чемпионатқа ауысып, 2021 жылы жазда бітетін келісіс-шартты созбайтын да шығармын деді. "Барселона" фанаттары қазір кішігірім шок жағдайында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×