"Реал Мадрид" клубының бас бапкері Зинедин Зидан өзін "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жаттықтырушысы Алекс Фергюсонмен салыстыратын адамдарға жауап берді. Кеше Корольдік клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-турында "Боруссия Мёнхенгладбахты" жеңіп (2:0), плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
"Кешегі ойынға көңілім толды. Мақсатымыз - плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шығу болды және біз оны орындадық. Біз қай жағынан алып қарасақ та, керемет ойнадық. Мен ешқашан "Реал" үшін Алекс Фергюсон бола алмаймын. Тіпті осында қанша уақыт болатынымды білмеймін және бұл туралы ойланбаймын", - деді Зидан матчтан кейін берген сұхбатында
В тобында соңғы турға дейін төрт клубтың да келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі болды. Топтық кезең қорытындылары бойынша "Реал Мадрид" 10 ұпай жинап, кестенің көшін бастады, "Боруссия" (8 ұпай) екінші орынды иеленді. Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнауға "Шахтер" (8 ұпай) мүмкіндік алды. "Интер" соңғы орын алып (6 ұпай), еуропалық жарыстан шығып қалды.
Фергюсон "Манчестер Юнайтедті" 1986 жылдан 2013 жылға дейін жаттықтырды. Оның басшылығымен "қызыл сойқандар" 38 кубок жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET