Зинедин Зидан «Реал Мадридтен» кетті

27.05.2021, 21:27
Бұл қызметке басты үміткер ретінде Аллегри қарастырылуда.
Зинедин Зидан «Реал Мадридтен» кетті

Мадридтік "Реал" ресми сайтында бас бапкер Зинедин Зиданның өз қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын жариялады.

"Біз Зиданның шешімін құрметтеп, оның осы жылдар ішінде көрсеткен кәсіпқойлығына, ойынға деген құштарлығына және оның "Реал" үшін жасаған жұмысына алғыс білдіруіміз керек. Зидан біз үшін тек жаттықтырушы немесе футболшы ғана емес, ол клуб аңыздарының бірі. Ол өзін "Реал Мадридтің" жүрегінде екенін және бұл клуб оның үйі болатынын біледі", - делінген хабарламада.

Зидан "Реал Мадридті" 2015/2016 жылғы маусымның ортасында тізгіндеген болатын. Ол командамен бірге қатарынан үш рет УЕФА Чемпиондар Лигасында, сондай-ақ Испания чемпионатында, ел Суперкубогінде, екі мәрте УЕФА Суперкубогінде және екі рет клубтар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды. 2018 жылы ол клубтан кетті, ал келесі жылдың басында ол мадридтік клубқа қайтып келіп, Ла Лига мен Испания Суперкубогін жеңіп алды.

Осы маусымда "Реал Мадрид" турнирлік кестеде "Атлетикоға жол беріп, Ла Лигада екінші орынға ие болды, сонымен қатар Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетіп, ол жерде "Челсиге" есе жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×