Зоран Тошич: «Командамның жеңісі үшін барымды саламын»

22.07.2021, 15:29
Матч бүгін Сплит қаласында өтетін болады. Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.
Зоран Тошич: «Командамның жеңісі үшін барымды саламын»

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Зоран Тошич "Хайдукпен" болатын ойын туралы пікірімен бөлісті:

 – "Хайдук" Хорватияда "Динамомен" бір қатардағы үздік клуб екені баршамызға аян. Бүгін жол жүріп келдік, енді ертеңгі ойында мықты қарсыласқа лайықты дайындаламыз. Бұған дейін бас бапкерімнің айтқанына қосыламын, "Хайдук" бірінші минуттан бастап агрессивті түрде ойнайды. Жанкүйерлерінің көмегімен жақсы нәтижеге қол жеткізгісі келеді деп ойлаймын. Бірақ біз бұған бөгет жасауға тырысамыз. Ертеңге ойынға жанкүйерлердің қатысуы екі команда үшін де тиімді. Біз де қолымыздан келгенін жасаймыз.

"Хайдук" кездесудің фавориті десек те, мүмкіндігіміз бірдей дер едім. Себебі, біз өз еліміздің чемпионатында бірінші сатыда келеміз. Өз басым командамның жеңісі үшін барымды саламын. Ертеңгі ойынға дайынмын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×