«Ордабасы» қақпасына жеңісті голды соққан «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Зоран Тошич матч туралы өз ойын ортаға салды:
- Зоран, сіз жарақаттан кейін алаңға бірінші рет шықтыңыз, қазіргі уақытта өзіңізді қалай сезінесіз?
- Құдайға шүкір, бәрі артта қалды. Мен өзімді жақсы сезінемін және маусым соңына дейін командаға көмектескім келеді.
- Үш ұпай еншіледіңіздер. «Ордабасыға» қарсы ойнау қиын болды ма?
- Менің ойымша, ойын бізге байланысты болды. Біз гол соғатын мүмкіндіктер жасап, нәтижесінде оларды жүзеге асырдық. Ең бастысы, біз жеңіске жеттік, енді алға қарай жылжи береміз.
- Сіз үшін тиімді екі әрекеттің қайсысы маңызды - нәтижелі пас па, әлде голдың өзі ме?
- Мен неге қабілетті екенімді білемін және үнемі командаға көмектесуге тырысамын. Бүгін мен гол соғып, нәтижелі пас бердім. Гол соғу жақсы, әрине, бірақ мен нәтижелі пас шығарғанды жақсы көремін, ең бастысы - командаға пайдамды тигізу.
- Аренадағы атмосфера сізге ұнады ма?
- Атмосфера керемет болды. Бізді қолдаған жанкүйерлерге рахмет. Біз «Тобыл Аренада» жанкүйердерді жеңістермен қуана береміз деп сенемін.
- Алда халықаралық үзіліс бар. Сіздің жоспарларыңыз қандай?
- Иә, бізде қысқа демалыс бар, мен бірнеше күн үйде демаламын, содан кейін маусымның соңына жаңа күшпен дайындаламыз.
Біздің серіктес: FONBET