Зоран Тошич осы маусымдағы соңғы екі ойынға қатыса амайды

18.10.2021, 17:15
Футболшы «Қызыл-Жармен» болған матчта 15 минут қана ойнады
Зоран Тошич осы маусымдағы соңғы екі ойынға қатыса амайды

Қостанайлық «Тобылдың» 34 жастағы жартылай қорғаушысы Зоран Тошич жарақатына байланысты маусым соңындағы екі ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.

Қазақстан чемпионатының 24-ші турындағы «Қызыл-Жар СК» - «Тобыл» ойында сербиялық жартылай қорғаушы бұрынғы командаласы Карлуш Фонсекамен болған қақтығыста жарақат алып қалды, бұл ойыншыға кездесуді жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 15-минутта Тошичтің орнына Рубен Бриджидо шықты.

Медициналық тексерістің нәтижесі бойынша, Тошич санның артқы бөлігін зақымдап алған. Осылайша, тәжірибелі футболшы Қазақстан чемпионатының соңғы турларындағы «Шахтер» және «Ақжайыққа» қарсы өтетін екі кездесуді де жіберіп алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» чемпиондық үшін күресті жалғастыруда. Турнирдің аяқталуына екі тур қалғанда 55 ұпай жинаған қостанайлық клуб турнир кестесінде екінші орында келе жатыр. Көш басында тұрған «Астанада» 56 ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×