Архивы рубрики ‘ӘЧ-2014’

Иран Әлем чемпионатына шықты. Видео

Иран құрама командасы 2018-жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды. Олар кеше Өзбекстан құрамасын жеңді. Азия. Үшінші кезең. А-тобы. 8-тур. Иран — Өзбекстан — 2:0 (1:0) Голдар: Азмун, 23 (1:0); Тареми, 88 (2:0). Соғылмаған пенальти: Шоджаи, 50 (Иран).

Футбол өлтірген фанаттар

1

Футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионаты аяқталғалы біршама уақыт өтті. Футбол тойы аяқталса да, оның маңайындағы алып-қашпа әңгімелер әлі айтылып жатыр. Айтыла да береді. Бір жанкүйер Бразилияның нашар дайындығын айтса, бірі әлем чемпионаты кезіндегі сенсациялар туралы сөз қозғайды. Енді бірі әлем біріншілігіне бәс тігіп, қанша сомма ұтқандарын дүйім жұртқа мақтанады, деп жазады «Алаш айнасы».

Обригадо, Бразил, обригадо!

Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлапты деген әңгімені қазақтың ертегі, жыр-дастандарынан, ауыз әбедиетінің фольклорының көптеген нұсқаларынан естуге болады. Кейінірек соған пара-пар мағынадағы әңгімелер пайда болды. Сол ойын мен тойдың тағы бірін мен өзім бастан кешірдім. Бразилиядағы футбол тойына бастан-аяқ қатысып, үлкен думанды артта қалдырдым. 9 маусым күні Сан-Паулуға келген күн мен дәл қазіргі Рио-Де-Жанейродағы […]

Бразилия-Голландия матчынан соң

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ үздік ойыншысы болуы мүмкін Арьен Роббен. Даңқты шабуылшы Патрик Клюйверт. Келер чемпионатта жарқылдауы мүмкін Оскар, Бразилия сапындағы ең ақылды ойын ойнайтын Луис Густаво. Мен үшін маңызды фото ол Патрик Клюверт болып тұр. Клюйверт 2000 жылы Еурода бір ойында 5 гол соққан кезде мен Тараз қаласының шетіндегі Түрксіб ауылындағы Макаренко атындағы орта мектепте 3-сынып […]

Рекордтар чемпионаты

Әлем чемпионатының соңғы аяқталар аптасы қалды. 4 жыл тағатсыздана күткен дүбірлі дода да мәресіне жетпек. Көптеген болжамдар бордай тозып, көріпкелдер айтқан жорамалдар іске аспады. Футбол — әрине, сонысымен де қызықты. Биылғы чемпионатта жасы егде футболшы рекорд орнатып, футболшылар ақшаға таласып, кейбірі тіпті бір-бірін тістеуге де барды. Әр чемпионтта фаворит атанып, өзінің темір тәртібімен ұзаққа баратын […]

Жығылғанға жұдырық. Қола кімге керек?

Бүгінгі қола үшін болатын ойын кімге керек? Бразилия-Голландия. Бұл сұраққа Луи ван Галл: -«үшінші орын үшін болатын ойынды мүлде алып тастау керек»- деген болатын. Голландия жаттықтырушысының бұл сөзіңде жан бар секілді. Әлем біріншілігінің қола жүлдесі ортаң қол командаларға керек, ал,  бұндай «болсаң, бірінші бол!» деген қағиданы ұстанатын Бразилия мен Голландияға емес.  Иә, бұл ойын жанкүйерлерге, […]

Сколари шешімі жоқ көрінетін мәселені қалай шешпек?

Бразилияда жартылай финалдың кезеңі де келіп жетті. Еуропа Оңтүстік Америкаға қарсы, әлде Оңтүстік Америка Еуропаға қарсы. Бұл маңызды емес. Бразилия-Германия. Аргентина-Голландия. Қай команданы алсаңыз да финалда өнер көрсетуге әбден лайықты ұжымдар. Бірақ финалдың аты финал ғой, екі команда ғана кім мықтыны анықтайтын спектакль, сондықтан екі команда жартылай финалда жарыс жолын тоқтатуға тура келеді. Әрине, өкінішті-ақ. […]

Құрлықтар айқасы

Әлем чемпионатының қызған шағы. Жарыс бел ортасынан ауып, әр күн сайын бір команданы отанына қайтаруда. Топтық кезеңде жарысты аяқтаған Испания, Англия, Италия секілді мықтылардың қатарын Чили, Мексика, Алжир, Нигерия, Грекия секілді құрамалар толықтырды. 1/8 финалдар толықтай аяқталып, ширек финалдың да кезегі жетті.

Алты саусақты қаһарман

Жақсы қақпашы-жарты команда. Иә, бұл теңеудің кейде іске асатын кездері де болады, керісінше де болады. Әрине, Мексика кезекті рет, қатарынан 7-ші әлем чемпионатында 1/8 финалдан аса алмауда. Егер, мексикалықтар сапындағы Голландиямен болған ойындағы жеңілісте, қай футболшының кінәсі жоқ деп сұраса, Гилермо Очоаны атауға әбден болады. Құтқаратын жерде құтқарды, Керек десеңіз Очоаның «сэйвтері» болмағанда, Мексика 88-ші […]

Бүгін түнде кішігірім «Копа Америка». Немесе «Оңтүстік Америка түні»

Бразилиядағы дүбірлі доданың плей-офф кезеңі де келіп жетті. Топтық турнир қызықты өтті, тосын сыйларға толы болды деп айтуға толықтай негіз бар. Алда, күтпеген жерден жіберілген, көзге көрінбес болмашы бір қатенің өзі кешірілмес плей-офф кезеңі. Классиканы сүйетіндер, романтиктер финалда Маракана стадионында Бразилия-Аргентина ойының, Неймар мен Мессиді қарсылас ретінде көргісі келеді. Ол болмаса, Уругвай-Бразилия финалынан да кет […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.