Архивы рубрики ‘Ұлттық құрама’

Қазақстан құрамасын қолдаңыздар!

Қара қыраттар құрамасы қонаққа келеді

2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем біріншілігінің іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі. Бұл ойын тура білім күні, яғни 1 қыркүйекте ойналады. Билеттерді қазірден бастап сатып алуға болады.

1-ші қыркүйек. Қазақстан — Черногория

Подгорицада өткен матчта Небойша Тумбаековичтің шәкірттері Қазақстан құрамасын 5:0 есеюімен тас-талқан етті. Енді осы командалар арасындағы жауапты ойын бар. Ол ойын 1 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында сағат 22-00-де басталады. Черногория құрамасында бұрын-соңды ойнаған ойыншылар мен қазіргі күні құрамада жүрген кімдерден сескенуіміз керек? Осы жайлы толғап көрсек.

Черногория құрамасы қандай қарсылас?

Тура білім күні, яғни 1 қыркүйек күні Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Черногорияны қабылдайды. Өткен жылғы ойын біз үшін нашар есеппен аяқталды. Подгорицадағы матчты ұпай ала алмадық. Дей тұрғанымен, сол кезде кеткен есені осы жолы қайтаруға болады. «Астана-Аренада» Қазақстан құрамасы осы цикл кезінде жеңілген жоқ. «Е» тобында екінші орында келе жатқан сол Черногория бізге қандай […]

Бородюк білгенін істеп жүр

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк кеше Конфедерация кубогының ашылу салтанатында отырды. Жай отырмады, Путиннің қасында отырды. Бұл ненің белгісі болды екен? Ресей — Жаңа Зеландияны 2-0 жеңіп, турнирді жеңіспен бастады. Ал қазақстандық фанаттар Бородюктің бұл ісін түсіне алмауда.

Өткелде ат ауыстырып не таптық?

Қазақстан ұлттық құрамасы тағы да жеңілді. Өткелде ат ауыстырмайтын қазақ едік. Жарыстың қақ ортасында бапкер ауыстырып не болдық? Жоқ, бапкерді ауыстыратындай не басымызға күн туды? Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, топтан шығатын ешқандай мүмкіндік онсыз да жоқ еді ғой. Иә, біздің футбол мақсатсыз футбол…Ал кешегі ойынды неге жеңілдік?

Таң қалатын түгі жоқ

Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрама командасы Даниядан жеңілді. Есеп 1:3. Матчтың тағдырына әсер еткен оқиға 43-минутта болды. Бауыржан Исламхан шынтақпен өрескел ойнағаны үшін алаңнан қуылды. 

Александр БОРОДЮК: «Алаңға жеңіс үшін шығамыз»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюкпен 2018 жылы әлем чемпионатының іріктеу аясындағы Қазақстан-Дания матчы алдында әңгімелескен едік. – Александр мырза, әлем чемпионатына ірік­теу аясындағы ертеңгі Данияға қарсы ойынға дайын­дықтарыңыз қандай? – Шәкірттерім 10 маусымдағы ойынға 100 пайыз дайын болу үшін тынбай жаттығу жасауда. Талғарда орналасқан базамыз футболшыларға өте қолайлы. Жуырда футболшылар дайындалатын орталықты […]

Вайн. Қазақстан — Дания

Жағымсыз есептер. Ұлттық құраманың ресми кездесулердегі ең ірі жеңілістері

Ресейде өтетін әлем біріншілігіне іріктеу турнирі аясының екінші турында Черногориядан оңбай жеңілдік. Қаратаулықтар ресми ойындарда Қазақстанға бес гол соққан үшінші команда болып отыр. Негізі, бас командамыз тұңғыш рет бес доп айырмашылығымен жеңілді. Қынжылтса да, жүзді төмен қаратса да Қазақстан ұлттық құрамасының әлем және Еуропа біріншілігіне іріктеу барысындағы ең ірі жеңілістерін еске түсіріп көруді жөн санадық.

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.