Архивы рубрики ‘Үздіктер’

ҚФФ президенті Гранаткин мемориалында екінші орын алған футболшыларды құттықтады

Ресейдің Санкт-Петербуг қаласында аяқталған футболдан Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінің жабылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен бас менеджер Игорь Утробин қатысты. Олар турнирдің күміс жүлдесіне ие болған қазақстандық футболшыларды құттықтап, қолдау білдірді. Сонымен қатар, біздің құрамаға қолдау көрсетіп, стадионға жиналған жанкүйерлерге де алғыстарын айтты. — Біздің футболшылар турнирде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаттықтырушылар штабы […]

АСТАНА» ФК-НІҢ ЕУРОПА КЛУБТАРЫНА АУЫСУЫ МҮМКІН ТОП-5 ОЙЫНШЫЛАРЫ

Осы маусымда елордалық «Астана» ФК ауыз толтырарлық жетістіктерге жетті.Ел чемпиондары маусым басында суперкубокты қанжығаларына байласа,күз басында қазақ клубтарының арманына айналған Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты және жақында ғана екінші мәрте ел чемпионатында топ жарды.Міне,осы орайда «Аладоп» сіздердің назарларыңызға «Астананың» Еуропа жасыл алаңдарынан көріп қалуымыз мүмкін ТОП-5 ойыншысын ұсынады.

Месси рекорды қайталанады ма әлде жаңарады ма?

ФИФА өзінің ресми сайтында 2015 жылғы «Алтын допқа» үміткер 23 футболшының тізімін жариялады. Енді ұлттық құрамалардың капитандары мен жаттықтырушылары, БАҚ өкілдері өздерінің таңдауларын жасағаннан кейін,яғни, қарашаның 30-шы жұлдызында олардың саны үшке дейін азаяды. Ал «Алтын допты» марапаттау рәсімі 11-інші қаңтар күні Цюрих қаласында өтеді.

Рамос пен «Реал» жаңа келісім-шартқа отырды

Мадридтік клубтың орталық қорғаушысы жаңа келісім-шартқа қол қойды

Рафаэль Бенитестің жарқын үш жетістігі

«Реал Мадрид» клубының жаңа бапкері болып Рафаэль Бенитестің тағайындалғаны белгілі. Бұл жайлы мадридтік клубтың ресми сайты да мәлімдеп қойды. Осы бапкер жайлы жанкүйерлер арасында пікірдің аса жағымды емес екені де түсінікті. Мансабында Чемпиондар Лигасындағы он жыл бұрыңғы жеңісімен ғана мақтана алатын Рафаның, Флорентино Переске несімен қызық болғаны да жұмбақ. Бірақ, басшылық сенім артты, демек футбол […]

Алып командаға ауысуы мүмкін футболшылар тізімі. 2-ші бөлім

«Аладоп» сайты жазда команда ауыстыруы мүмкін футболшылар жайлы мақаланың екінші бөлімін назарларынызға ұсынады. 

Алып командаға ауысуы мүмкін футболшылар тізімі. 1-ші бөлім

Әр жыл сайын ортаң қол командалар жұлдызды футболшыны баптап, маусым аралық үзілісте топ-клубқа қомақты қаржыға сатып олжаға кенелетіні қалыптасқан үрдіс. Бұл футбол маусымында да жаңа туған бірнеше жұлдыздардың есімін білдік, ойынына тәнті болдық. Әрине, арасында бір-екі маусымнан бұрын-ақ әлемге атағын жайған футболшылар да бар. Қазіргі командасының деңгейінен асып, кәрі құрлықтың қасқыр командаларына ұмтылып тұрғандар. Осыған […]

Лондондық «автобус». Жозе философиясы неге көпшілікке ұнамайды?

Әлем футболы соңғы жылдары көркінен айырылды дегенді талай естіп жүрміз. Неліктен? Өткен ғасыр мен ХХI ғасыр басындағы футболдың арасында қандай айырмашылық бар? Сол доп, сол алаң, сол есептер. Футбол қызығын жоғалтты ма, әлде, жанкүйер қауымның футболға, командаларға, жаттықтырушыларға, футболшыларға қояр шарты басқа ма? Әсіресе, прагматикалық футболы үшін сынға ұшырап жататын командалар көп. Оның бірі, сөзсіз […]

Елеңбейтін еңбекқор

«Реалдың» орталық шабуылшысы Кәрім команда сапында ең көп сынға ұшырайтын футболшы. Матч барысында көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмайды, допты қабылдауы нашар, тіпті екі жұлдызға кедергі жасайды дегендей. Команда сүрінгенде Бензема басты кінәлінің бірі, ал жеңісті күндерінде Роналду, Бэйл, Модрич тағы да басқа ойыншылардың көлеңкесінде қалады. Бірақ, бір қызығы Бензема Реалға қандай футболшы келсе де, қандай жаттықтырушы […]

Футболдағы енді қайталанбайтын бес рекорд

Ғылым мен техниканың дамыған заманында спорт әлеміндегі рекордтар күн сайын өзгеріп тұрады. Қазір тіпті жаңа көрсеткішке аса таң қалмайтын халге жеттік. Десе де, өзгеру тұрмақ, қайталаудың өзі мүмкін емес рекордтар бар. Біз сөз еткелі отырған рекордтардың барлығы футболға тиесілі. Расымен алдағы уақытта бұл үздік көрсеткіштердің өзгеруі екіталай. Әли Даеи. 1993-2006 жылдар аралығындағы Иран ұлттық құрамасының […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.