Архивы за месяц Июнь, 2017

Жозе Моуриньоның әкесі қайтыс болды

80-жасқа толған Феликс Моуриньо дүниеден озды. Атақты бапкер Жозе Моуриньоның әкесі кезінде қақпашы болған еді. Ол тіпті Португалия ұлттық құрамасының да намысын бір ойында қорғаған тұғын. Португалия кубогының иегері. «Витория» және «Белененсеш» командаларында жемісті өнер көрсетті. Кейіннен бапкерлік қызметте жүрді.

«Барселона» Херард Деулофеуды қайтаруды ұйғарып отыр

«Эвертон» шабуылшысы Херард Деулофеу «Барселонаға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Football Espana. Каталон клубы 12 миллион еуро төлеуге әзір. Испандық футболшы 2003-жылдан 2011-жылға дейін «Барсаның» жастар жүйесінде болды. Кейін басты командада сыңға түсті. 2015-жылы шабуылшының трансферін «Эвертон» сатып алды.   Индира Жатпешова

«Манчестер Юнайтед» Дэвид Де Хеаны Джо Хартқа ауыстыруды көздеп отыр

The Telegraph-тың пайымдауынша, өткен маусымда «Торинода» келісім шартпен жалға алынып, ойын көрсеткен «Ман Сити» қақпашысы Джо Харт командасынан ауысуы мүмкін. 30 жасар қақпашыға «Манчестер Юнайтед» қызығушылын білдіріп отыр. Дэвид Де Хеа МЮ-дан кеткен жағдайда, манкуниандықтар Хартқа таласын бастауға әзір отыр. Индира Жатпешова

Қарсыластар белгілі

Бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Тағы бір еуромаусым басталды деген сөз. Іріктеу кезеңіндегі қарсыластарымыз белгілі. «Астана» чемпиондар лигасында «Спартак» Юрмала деген Латвияның командасымен кездеседі. Алғашқы ойыны елордада 11/12 шілде күні өтеді. Ал Еуропа лигасындағы «Қайрат» Литваның «Атлантас» деген клубына қарсылас атанды. Алғашқы ойын 29-маусым күні Алматыда өтеді. Ал «Ордабасы» боснияның «Широки Бриег» командасына қарсы тұрады. […]

«Астана» қарсыластары белгілі

«Астана» ойнауы мүмкін командалар: «Жилина» (Словакия) «Кукеси» (Албания) «Спартак Юрмала» (Латвия) «Гонвед» (Венгрия) 1-кезең жеңімпазы 1-кезең жеңімпазы

Вератти ПСЖ-дан кетемін деді

ПСЖ командасының ойыншысы, италиялық Марко Вератти клуб басшыларына клубтан кететіні жайлы смс жазыпты. Нассер Аль-Хелаифи мен спортттық директор Антеро Энрикеге жолданған смсте футболшы басқа командаға ауысамын, сондықтан да мені трансферге қойыңыздаршы деп өтініш білдіріпті. Еуропалық баспасөз құралдары бұл футболшыға «Барселона» мен «Бавария» тарапынан қызығушылық бар екендігін айтады.

Бородюк білгенін істеп жүр

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк кеше Конфедерация кубогының ашылу салтанатында отырды. Жай отырмады, Путиннің қасында отырды. Бұл ненің белгісі болды екен? Ресей — Жаңа Зеландияны 2-0 жеңіп, турнирді жеңіспен бастады. Ал қазақстандық фанаттар Бородюктің бұл ісін түсіне алмауда.

Конте кететін бопты

Антонио Конте «Челси» президенті Роман Абрамовичпен келіспей қалды. Бұл жайында «Миррор» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бас бапкер осы жазда бірнеше футболшы алуымыз керек деп, трансферге қаржы сұрағанр. Алайда, Роман Абрамович ондай соманы бере алмаймын деп жауап қайтарыпты. Осыған шекесі тырысқан Конте «Ондай болса мен клубтан кетемін деп» мәлімдепті. Енді жақын арада мәселеге нүкте қойылуы керек. Кейбір […]

Мәссаған! Роналду «Реалдан» кетемін деді

Атақты футболшы Криштиану Роналду «Реал» командасынан кететінін айтыпты. Бұл жайында «Э Бола» агенттігі хабарлайды. Клуб басшысы Флорентино Переспен келіспей қалған Криштиану өзге клубқа ауысатынын айтыпты. Басты себеп, испания сотының Кришитианудан 14 миллион еуро көлемінде салық төлемеуі болып отыр. Осы мәселенге Флорентино Перестің де қатысы болса керек. Мұндай ақпараттар қазір бүкіл әлемдік баспасөзге шығып кетті. Егер […]

Мората «МЮге» апта соңында ауысады

«Реал» шабуылшысы Альваро Мората апта соңына қарай «Мю-ге» ауысады. Бұл жайында ресейдің «Спортс.ру» сайты жазды. Олардың ақпараты бойынша трансфердің ресми тіркелуіне тек «Реал» президентінің қайта сайлану процесі ғана жетпей тұр. Флорентино Перес жақын арада қайтадан президент болып сайланғаннан кейін, трансфер жүзеге асады. Мадридтік клуб манкуняндықтардан 93 миллион еуро сұрап отырған көрінеді.

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.