Архивы за месяц Август, 2017

«Астананың» қарсыластары белгілі болды

Бүгін УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Аталмыш додада еліміздің намысын қорғап жатқан елордалық «Астана» А тобына түсті. Бұл топта жерлестерімізден бөлек испаниялық «Вильяреал», израильдік «Маккаби Тель-Авив» және чехиялық «Славия» өнер көрсетеді. Руслан Мералиев

Серікжанды «Ростов» сұрапты

«Астананың» 28-жасар жартылай қорғаушысы «Ростов» сапын толықтыруы мүмкін. «Астананың» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков өз ойынымен ресейлік «Ростов» скауттарының назарына түскен.Осы маусымда ішкі чемпионатта ол 22 матч өткізді және 4 гол оның еншісінде. Премьер-лигада барлығы 222 матч өткізген,әрі 21 гол соққан.Футболшы жазғы трансфердің соңына қарай ресейлік клубтың сапын толықтыруы мүмкін. kazfootball.kz

З.Ибрагимович: Үзіліп қалған шаруаны аяқтаймын

«Манчестер Юнайтед» командасының ресми сайты бүгін шабуылшы Златан Ибрагимович «қызыл сойқандармен» қайтадан келісім-шартқа қол қойды деп жазды. Сонымен қатар, осы ақпаратқа байланысты Златанның өзі де пікір білдіріпті. «Мен үзіліп қалған шаруаны қайта жалғау үшін келдім. Алаңға қайта шығуға асығып отырмын. Алайда, мен денсаулығымның толықтай дұрысталғанын тексеруім қажет» деп мәлімдеген.

«Барселона» Неймардың орынбасарын тапты

БАҚ: Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Усман Дембеле Барселонаға жол жүрді. Бұл сапарымен 20-жасар футболшы каталондық клубтың сапына ауысуға ниетті. Оның алдында француз «Боруссияның» жаттығуларына қатысудан бас тартқан еді. Барселонаға келген соң Дембеле медициналық тексеруден өтіп, ұзақмерзімді контрактқа қол қою керек. Трансфердің сомасы 120 млн евромен бағаланады. Руслан МЕРАЛИЕВ

Ла Лига басталды!

Футбол сүйер қауым асыға күткен Испания чемпионаты да басталды. Көпшілік күткендей біріншіліктің 1-тур ойындары тартысқа толы болып, қызықты өтті. Мысалы Ла Лигаға тұңғыш рет шығып отырған «Жиронадан» азулы мадридтік «Атлетикомен» ұпай бөліседі деп ешкім күтпесе керек. Ал қатарында Банега, Бен Йеддер сынды жұлдызды футболшылары бар «Севильяны» өз алаңында ортаңқол командалардың бірі болып саналатын каталондық «Эспаньолден» айласын […]

«МЮ»-дың бастамасы жаман емес

Ағылшын Премьер-лигасының 2-ші турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Суонсиді» 4:0 есебімен  тас-талқан етті. Лукаку екінші ойын қатарынан гол соғып көзге түссе, қорғаушы Байи карьерасында алғаш рет голдың авторы атанып отыр. Ал Марсьяль мен Погба бельгиялықтан қалыспай, кезекті голдарын соқты. Осылайша «қызыл сойқандар» 1907-08 жылдардағы маусымнан бері, араға 110 жыл салып бастапқы кездесулерде 4 және одан […]

Роналду төрешіні итергені үшін, дисквалификация алуы әбден мүмкін

Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду кешегі өткен ойында, алаңнан қуылған соң, бас төрешіні арқасынан түртіп, итеріп жібергені үшін 4-12 матч көлемінде дискваликация алып, алаңға шықпауы мүмкін. Себебі кездесу аяқталғаннан кейін, Ла Лига басшылығына есеп беру кезінде, Рикардо Бонгоэчеа португалиялықтың «жұлқығанын» баянат ретінде жазып, қосып жіберген. Ақжол ПИОНЕРОВ

«Реал» он ойыншымен жүріп-ақ жеңісті жұлып әкетті

Өткен түнде «Камп Ноуда» Испания Суперкубогының алғашқы кездесуі өтті. Кубоктың иегері «Барса» ел чемпионы «Реалды» қабылдап, 1:3 есебімен есе жіберді. Ойын көпшілік күткендей қызықты, әрі тартысқа толы болды. Матчтың бірінші бөлігін, сақ ойнаған қос команда тең аяқтады. Ал екінші таймға сергек шығып, «біз қонақта ойнап жатырық, сондықтан  жоғалтатын түгіміз жоқ, артымызда Мадрид» дегендей қонақтар алаң […]

Бүгін Эль-класико!

Бүгін Испания Суперкубогының алғашқы кездесуі өтеді. Кубоктық додада топ жарған каталондық «Барселона» өз алаңында Ла Лигада алдына жан салмай жеңіске жеткен мадридтік «Реалды» қабылдайды. Ойын өте тартысты, әрі қызықты өтетініне футбол сүйер қауым күмән келтірмесе керек. Себебі бір-біріне қас дұшпан атанған қос команда өздерінің жанкүйерлерінің алдында жеңіс үшін барын салатыны анық. Тіпті достастық кездесулерінің өзі […]

Неймардың бағасы 222 млн евроға жетпейді

Каталондық «Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике француздық «ПСЖ»-ның шабуылшысы Неймар жайында өз пікірін білдірді. «Болатын істің бәрі болғаннан кейін мен енді бар шындықты айтып бере аламын. Мессидің тойының кезінде-ақ Неймардың «Барсадан» кететін ойы болды. Мен твиттерде «Неймар ешқайда кетпейді!» деген жазбамды шығарғанда оның қалмайтынын білдім. Ол маған қатты ашуланды. Бірақ біз оны өзара реттеп жатармыз. Оның […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.