Архивы за месяц Қаңтар, 2018

Ресей-2018 жайлы



Ұлттық құрама қай күні ойнайтыны белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы жарысын қыркүйектің 6-сы күні бастайды. Ай сайын 2 матчтан өткізеді. Егер өз тобында бірінші орын алса, «С» дивизионына көтеріледі, әрі Еуропа чемпионатына жолдама беретін плэй-офф матчтарына қатсады. 6 қыркүйек: Қазақстан — Грузия 10 қыркүйек: Андорра — Қазақстан 13 қазан: Латвия — Қазақстан 16 қазан: Қазақстан — Андорра 15 қараша: Қазақстан — Латвия 19 […]

Қазақстанның қарсыластары анықталды

2020 жылы өтетін Ұлттар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы «Д» девизионында өнер көрсетеді. Қарсыласымыз Грузия, Латвия, Қазақстан және Андорра. Матчтар 2018 жылдың қыркүйек айында басталады.

Жеребе тартылады. Бізге кім керек?

Ертең сағат 16-00 де Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Төменде көрсетілген қоржындардан бір-бір командадан алынып, Қазақстанның қарсыластары анықталады. Яғни, біздің команда үшін ең осал топ деп өз басым мынаны айтар едім. Белорусь, Люксембург, Қазақстан, Сан-Марино.  Енді себебін түсіндіріп өтейін. Грузия, Әзірбайжан секілді мықты құрамалардың қасында Белорусь сәл де болса осалдау. Өткен соңғы іріктеуде қалай […]

Еркебұланның голы. Видео

Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасының сапында негізгі құрамда алаңға шықты. Кипр аралында оқу-жаттығуда жүрген «Уфа» жергілікті «Алки» деген командамен кездесу өткізді. 10-нөмермен алаңға шыққан Еркебұлан матчтағы үшінші голдың авторы атанды.

Алексис ақшаның астында қалды

Алексис Санчес «Манчестер Юнайтед» командасында жүріп аптасына 350 мың еуро табыс табады. Ал жалпы чилилік футболшы жылына 23 миллион еуро жалақы алмақ. Бұл жайында кеше ғана ағылшындық ақпарат көздерінде жазылды. Келесі турдың ойынында Алексис Санчес 7-нөмерменен алаңға шығып қалуы әбден ықтимал. Ал оның орнына «Арсеналға» ауысқан Генрих Мхитарян Алексистен қалған 7-нөмерді алыпты.

Роналду мықты, Месси жаман

«Реал» Мадрид — «Депортиво» ойыны басталмас бұрын трибуна астында қызықты оқиға болды. Футболшылармен қол ұстасып шығатын бір бала «Роналду сен әлемдегі ең мықты футболшысың және Месси…»деп кібіртіктеп қалады. Сол кезде Роналду «Жаман» деген сөзді айтады. Бұл диалогты естіп тұрған «Реал» ойыншылары күлкіге қарық болды. Видеодан тамашалаңыздар. 

Леонель Месси жайлы

Болателли «Ювентуске» ауысатын болды

«Ницца» командасының шабуылшысы Марио Болателли «Ювентус» сапына ауысуы мүмкін. Бұл жайында еуропалық бақ өкілдері жаза бастады. Оның басты себебі, Марионың қазр ешқандай келісім-шарты жоқ. Демек, жазда ол түгелімен еркін футболшы болған шақты «Ювеге» ауысуы ықтимал. «Ювентус» басшылығы мұндай футболшыны тегін алуға қарсы емес. Тіпті, Марионың жеке қалтасына қомақты сыйақы ұсынуға ла мойынсұнып отыр.

Болгариялық бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шет елдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің, клубтардың бармақ басты, көз қысты […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.