Архивы за день Қаңтар 24th, 2018

Қазақстанның қарсыластары анықталды

2020 жылы өтетін Ұлттар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы «Д» девизионында өнер көрсетеді. Қарсыласымыз Грузия, Латвия, Қазақстан және Андорра. Матчтар 2018 жылдың қыркүйек айында басталады.

Жеребе тартылады. Бізге кім керек?

Ертең сағат 16-00 де Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Төменде көрсетілген қоржындардан бір-бір командадан алынып, Қазақстанның қарсыластары анықталады. Яғни, біздің команда үшін ең осал топ деп өз басым мынаны айтар едім. Белорусь, Люксембург, Қазақстан, Сан-Марино.  Енді себебін түсіндіріп өтейін. Грузия, Әзірбайжан секілді мықты құрамалардың қасында Белорусь сәл де болса осалдау. Өткен соңғы іріктеуде қалай […]

Еркебұланның голы. Видео

Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасының сапында негізгі құрамда алаңға шықты. Кипр аралында оқу-жаттығуда жүрген «Уфа» жергілікті «Алки» деген командамен кездесу өткізді. 10-нөмермен алаңға шыққан Еркебұлан матчтағы үшінші голдың авторы атанды.

Алексис ақшаның астында қалды

Алексис Санчес «Манчестер Юнайтед» командасында жүріп аптасына 350 мың еуро табыс табады. Ал жалпы чилилік футболшы жылына 23 миллион еуро жалақы алмақ. Бұл жайында кеше ғана ағылшындық ақпарат көздерінде жазылды. Келесі турдың ойынында Алексис Санчес 7-нөмерменен алаңға шығып қалуы әбден ықтимал. Ал оның орнына «Арсеналға» ауысқан Генрих Мхитарян Алексистен қалған 7-нөмерді алыпты.

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.