Архивы за месяц Ақпан, 2018

Гвардиоланың асығы алшысынан түсті

Ағылшын футбол алаңдарында алғашқы кубоктың иегері анықталды. «Манчестер сити» «Арсеналды» 3:0 есебімен ойсырата жеңіп тұманды альбионның шын мықтысы екенін дәлелдеді. Венгер болса осы маусымда Гвардиоладан үш рет қатарынан ұтылды. Ойын бірқалыпты басталғанымен, Агуэроның бірінші болып есеп ашуы «канонирлердің» есін шығарғандай. Екінші таймда Компани мен Сильваның голы 65 минутта-ақ, чемпионның кім екенін анықтады. «Арсеналдың» ішкі чемпионаттағы […]

«ПСЖ» басты «көзірінен» айырылып қалды

Әлемнің ең қымбат ойыншысы жарақат алды. «Марсельге» қарсы ойында Неймар аяғын дұрыс қоймай дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келді. Алаңда футболшының жағдайына баға берген мамандар оның ойынды жалғастыра алмайтынын айтты. Осыдан кейінгі 10 минутты «ПСЖ» командасы 10 адаммен өткізуге мәжбүр болды. Қорытынды есеп 3:0. Егер бразилиялықтың жарақаты ауыр болса клубқа оңай соқпайды. Себебі, алда «Реал Мадридке» […]

Гаттузо «көкем» көңілді

«Миланның» бас бапкері  алғашқы маусымы жайында және ойыншылармен қарым қатынасы жайлы пікір бөлісті.  Ақпарат  Goal.com сайтында жарияланды. «Мен ойыншылардың матч аяқталған соң жанкүйерлердің алдына барып, алғыс білдіріп қошеметтегенін дұрыс деп есептеймін. Бұл іске менсіз ақылдары жетсе жарады. Қазір қарамағымдағы футболшылар жақсы өнер көрсетіп жүр, сондықтан олармен жұмыс істеу қиын емес. Бірақ, батқан түннің артынан жаңа […]

Диего Костаны кімдер жек көреді?

«Атлетико Мадрид» клубының шабуылшысы, атышулы Диего Коста кей мамандардың іс-әрекетіне көңілі толмайтынын айтты. Еске салайық, Ла лиганың 24 туры аясында мадридтік клуб өз алаңында «Атлетик Бильбаоны» қабылдап, 2:0 есебімен жеңген болатын. Ойынның 36 минутында Коста төрешімен дауласқаны үшін сары қағаз алды.   «Не болғанын өздеріңіз жақсы көрдіңіздер. Төрешілер мені жек көреді, оны өзгерту мүмкін емес! Менің […]

Футболды дамытудың Созақтық үлгісі

Футбол — бұқаралық спорт. Ал, біз айтып отырған бұқаралық спортыңызды созақтықтар бақайшағына дейін меңгерген. Кеңес Одағын дүркіреткен «Шалқар» командасының, ұлттық құраманың шабуылшысы Таңат Нөсербаевтың жұлдызды жолын жерлестері жалғастырып келеді. Домалақ допқа деген құлшыныс соңғы кездері сұрапыл. Бейне бір барлық созақтықтар доп теуіп жүргендей. Спорт ғимараттары лық толы. Сенбі, жексенбі арасы үзілмей өтетін жарыстар.

«Аладоп» 4-шығарылым



Мо Салах АПЛ-де 18 жыл бұрын орнатылған рекордты жаңартпақ

Ақпан айының бел ортасына да жеткен жоқпыз. Бірақ, мысырлық бір жігіт ағылшын премьер лигасында біраздың мысын басып үлгерді. «Ливерпуль» сапына енді ауысқанда кей білгіштер  «түк пайдасы жоқ желаяқты қайтеді?» деп миығынан күлген еді. Мохаммед болса әр ойын сайын жаңа қырынан танылып, 1995 жылдан бері жаңармаған көрсеткішті қайта жаңғыртпақ.  Ол қандай рекорд?

Канте Францияға қайта ма?

Француз чемпионатының 2017-18 жылғы жеңімпазы «ПСЖ» жазғы трансферлік маусымға арналған жоспарын қазірден ойластырып жатыр. Бірінші лигада екінші орында келе жатқан «Марсельден» 11 ұпай алға кеткен Эмеридің командасын қазірден бастап чемпион деп атау үшін көріпкел болудың қажеті жоқ. Араб ақшасының арқасында аты әлемге танылған Париждік клуб  екі бірдей командамен («Лестер», «Челси» ) қатарынан 2 мәрте жеңімпаз […]

Бернабеуде кім жаңа бапкер болады?

ФИФА агенті Хота Хорди  Реалдың бапкері жазғы маусымда ауысатынын айтты. Жаңа менеджер болып «Тоттенхэм» клубының бас бапкері Маурисио Поччетино тағайындалмақ. Осыған орай жаңа командаға ауысқысы келіп жүрген Марко Асенсио асығыстық танытпайын деп отыр. Себебі, жаңа маман Реалдың ойынын сол арқылы жасақтамақ екен. Ал Зиданды осы уақытқа дейін жинаған абыройы құтқармайтын сыңайлы. @aibek_kossan

Мбаппенің мәселесі май шаммен қаралды

«ПСЖ»-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе лига кубогының жартылай финалында алаңға шығып, «Ренн» клубының ойыншысы Исмаил Сарраға қарсы тәртіп бұзған болатын. Француз лигасының тәртіп комитеті бұл жайтты бейжай қалдырмады. Аталған істі толығымен зерттеген мамандар Килианға 2 ойынға қатысуға шектеу қойды. 19 жасар ойыншы өз кезегінде қателігін мойындаған. Енді ол 17 ақпан күні «Страсбурға» қарсы алаңға шықпайды. @aibek_kossan

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.