Архивы за день Ақпан 9th, 2018

Бернабеуде кім жаңа бапкер болады?

ФИФА агенті Хота Хорди  Реалдың бапкері жазғы маусымда ауысатынын айтты. Жаңа менеджер болып «Тоттенхэм» клубының бас бапкері Маурисио Поччетино тағайындалмақ. Осыған орай жаңа командаға ауысқысы келіп жүрген Марко Асенсио асығыстық танытпайын деп отыр. Себебі, жаңа маман Реалдың ойынын сол арқылы жасақтамақ екен. Ал Зиданды осы уақытқа дейін жинаған абыройы құтқармайтын сыңайлы. @aibek_kossan

Мбаппенің мәселесі май шаммен қаралды

«ПСЖ»-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе лига кубогының жартылай финалында алаңға шығып, «Ренн» клубының ойыншысы Исмаил Сарраға қарсы тәртіп бұзған болатын. Француз лигасының тәртіп комитеті бұл жайтты бейжай қалдырмады. Аталған істі толығымен зерттеген мамандар Килианға 2 ойынға қатысуға шектеу қойды. 19 жасар ойыншы өз кезегінде қателігін мойындаған. Енді ол 17 ақпан күні «Страсбурға» қарсы алаңға шықпайды. @aibek_kossan

Коутиньоның дебюттық голы немесе «Барса» финалда

Кеше түнде «Местальеде» Испания кубогы додасындағы жартылай финалдың жауапты кездесуі өтті. Аталмыш стадионның қожайындары болып саналатын «Валенсия» каталондық «Барселонаға» 0:2 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Барселонада өткен алғашқы ойында 1:0 есебімен жеңіліс тапқан алаң иелеріне финалға жолдама алу үшін кем дегенде екі доп айырмасымен жеңу керек еді. Соны естерінен шығармай кездесу барысында шабуылға […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.