темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Теңбіл бизнес

Футболдан Украина мен Польшада өтіп жатқан Еуропа футбол чемпионатының топтық кезеңі де аяқталып қалды. Осы ретте Сізге чемпионаттың экономикалық жағына үңіліп көруді ұсынамыз.

Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры — 200 млн. евро. Топтық кезеңдегі әрбір жеңісіне ұлттық құрамалар миллион, ал тең нәтижеге 500 мың евро алады. Ширек финалға шыққан команданың әрқайсысы 2 млн., жартылай финалға 3 млн., финал үшін 4,5 млн., ал жеңімпаз 7,5 млн. евро көлемінде сыйақы алады. Сонымен Еуро-2012 жеңімпазының сыйақы қоры 23,5 млн.евроны құрайды.

Бұл сан Еуропа Футбол одағының чемпионаттан табатын табысынан әлдеқайда кем. Олардың болжамдары бойынша, табыс көлемі 1,3 млрд. евроны құрауы мүмкін. Табысты пайызға шаққандағы көрінісі: медиақұқықты сату — 62%, ал коммерциялық құқықтарды сату (демеушілік, лицензиялар, мерчендайзинг) — 22%. Соңғы 20 жылда Еуропа чемпионатынан түсетін табыс көлемі 30 есе өскен. Биылғы чемпионатта сатылған 1,4 млн. билеттің тек 10 мыңы (0,8 %) ғана әзірге өтпеген.

  Ендігі кезекте чемпионаттағы футболшылардың трансферлік бағасы бойынша есептелген ең қымбат ұлттық құрамаларға тоқталсақ.

Сонымен тізімді соңғы Әлем және Еуропа чемпиондары Испан ұлттық құрамасы бастап тұр. Футболшылардың жалпы бағасы 658 млн. евроны құрайды. Ал ең арзан құрама ретінде Ирландия (71 млн. евро) танылды. Олардың бағасы тіпті Криштиану Роналдуның трансферлік бағасына жетпейді. Жалпы чемпионатқа қатысып жатқан футболшылардың трансферлік бағасы 3,7 млрд. евроға жетеді.

1. Испания — 658 млн. евро

2. Германия — 474 млн. евро

3. Англия — 398,25 млн. евро

4. Франция — 356 млн. евро

5. Португалия — 337,7 млн. евро

6. Италия — 296,1 млн. евро

7. Нидерланды — 277 млн. евро

8. Ресей — 162,2 млн. евро

9. Хорватия — 150,5 млн. евро

10. Швеция — 122,75 млн. евро

11. Украина — 102,4 млн. евро

12. Чехия — 101,1 млн. евро

13. Дания — 86,85 млн. евро

14. Польша — 85,35 млн. евро

15. Грекия — 85,05 млн. евро

16. Ирландия — 71 млн. евро

(transfermarkt.de ақпараты бойынша)

Ендігі кезекте бапкерлердің  жылдық табысына тоқталсақ.

Польша: Францишек Смуда — 300 мың евро.
Чехия: Михал Билек — 200 мың евро.
Грекия: Фернанду Сантуш — 500 мың евро.
Германия: Йоахим Лев — 2,5 млн. евро.
Португалия: Паулу Бенту — 1,5 млн. евро.
Голландия: Берт Ван Марвейк — 1,8 млн. евро.
Дания: Мортен Ольсен — 390 мың евро.
Испания: Висенте Дель Боске — 1,5 млн. евро.
Италия: Чезаре Пранделли — 3 млн. евро.
Ирландия: Джованни Трапаттони — 1,5 млн. евро.
Хорватия: Славен Билич — 160 мың евро.
Украина: Олег Блохин — 600 мың АҚШ доллары
Швеция: Эрик Хамрен — 400 мың евро.
Франция: Лоран Блан — 1,2 млн. евро.
Англия: Рой Ходжсон — 2 млн. фунт.
Ресей: Дик Адвокат — 7 млн. евро.

Ендігі кезекте чемпионаттың ең қымбат футболшыларына тоқталсақ.

1. Криштиану Роналду, €90 млн. (Португалия)

2. Андрес Иньеста, €65 млн. (Испания)

3. Уэйн Руни, €65 млн. (Англия)

4. Франсеск Фабрегас, €55 млн. (Испания)

5. Давид Силва, €46 млн. (Испания)

6. Робин ван Перси, €45 млн. (Нидерланды)

7. Франк Рибери, €42 млн. (Франция)

8. Марио Гомес, €42 млн. (Германия)

9. Лука Модрич, €39 млн. (Хорватия)

10. Бастиан Швайнштайгер, €38 млн. (Германия)

 

Егер, сіз УЕФА сайты арқылы алдын ала тапсырыспен алған болсаңыз, ең арзан билет 30, ал ең қымбат билет 600 еуроға сатылды.

Егер сіз интернетте алыпсатар арқылы қазір алатын болсаңыз, ең арзан билет 120, ал ең қымбаты 1600 еуро тұрады.

Бұл сандарға қарап отырып, футбол тек ойынға ғана емес, ол бизнес, табыс көзі, идеологияға айналғанын жақсы түсінеміз. Тек осы қаражат өзін қаншалықты ақтауда? Мәселен, орыстар Дик Адвокатқа 7 млн.-ды санап берді. Нәтиже? Яғни, қаражат ысырап болмауы тиіс. Жалпы, чемпионатты өткізіп жатқан Украина мен Польша қарыздың астында қалуы әбден мүмкін. Бүгінде сарапшылар осындай қорытындыларға келіп отыр. Себебі, екі мемлекетте бұл шараға көп қаражат жұмсап қойды. Мәселен, Польша экономикасы Украинаға қарағанда тұрақты болуына байланысты, чемпионатқа 20 млрд. доллар жұмсады. Оның басым көпшілігі әрине, туризм инфраструктурасына инвестицияланды.

Алайда, осы қаражаттың тек 200-300 миллионы ғана қайтуы мүмкін, оның өзінде де қаражаттың көп бөлігі мемлекеттік табыс емес, УЕФА мен Ұлттық Футбол одағының табысы болып саналады. Осы ретте, Грекияның мысалын ұмытпаған жөн. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарына олар 11 млрд. ақша жұмсап, оның тек 2 миллиардын қайтарған еді. Барлық соғылған инфраструктура тиімсіз әрі шығынды болды. Қазіргі күнде Грекияда не болып жатқанын бәріміз де жақсы білеміз. Мемлекет дефолт жариялауы мүмкін. Ендеше, Украина мен Польша бұл жайтқа аса қатты мән берді деп сенеміз.

Өзіңізді қолдап отырған ұлттық құрамаңыз жеңіске жетсін деп тілейміз! Тек алда осындай додаларда өзге елдің құрамасына емес, өзіміздің құрамамызға жақтасатын кез де келсін!

Ырысбек ЖАНТӨРЕ

http://jaqsy.kz/story/778

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

1 комментарий к записи “Теңбіл бизнес”

  1. Ержан:

    Ха-ха-ха, ең қымбат бапкер Дик Адвокат екен. Ал ол болса, Ресей құрамасын топтық кезеңнен де шығара алмады. Осы тренерді «Неге мен ең қымбат бапкермін, мен алған ақшамды ақтап жүрмін бе?» деген ой толғандыра ма екен?


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.