темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ұлтты татуластырған футбол

1395655149_sudan1

 

Әлемді дүрліктіретін, адам жанын түршіктіретін  жанжалдар күнде болып жатады. Ұлт ішіндегі, ұлт аралық жанжалдарға да кейбір сәттерде шек қою мүмкін еместей.  Мүмкін де емес шығар. Тілі басқа болғаны үшін де, көршісін жеп қоюға дайын мемлекеттер де қаншама.. Тілі бір, діні бір украиндықтардың да басынан қара бұлт арылар емес. Әрине, саясаттан алшақ болғаннан кейін тәптіштеп жазып жату орынсыз. Бұл мақалада, футболдың, жер үшін бір-бірін қыруға дайын судан халқын табыстырғаны жайлы әңгіме өрбітпекпіз. 

Басқаны білмеймін, менің көз алдыма Судан десе, ашаршылық, кедейшілік,  бітпейтін соғыс елестейді. Елестін өзі шындық. Бұл елде жүз жылдай уақыт азамат соғысы болған. Жазықсыз жандардың өмірін жалмаған соғыстың шарықтау шегі 2005-жылы болып, бір ұлт Судан Республикасы және Оңтүстік Судан Республикасы болып екіге бөлінеді. Кейін алты жылдай оңтүстіктегілер солтүстіктегілердің құрамында болып, 2011-жылы өз алдына дербес мемлекет құқығына ие болады. Екеуі шекараларын белгілеп, жеке бөлінгенмен де жүз жылдық өшпенділік әлі бар. Қақтығыс та жиі-жиі болып тұрады.

Бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Судан тәуелсіз мемлекет ретінде ФИФА-ның құрамына кіреді. Клубтары да Африка халықтарының кубогі(Еуропа Лигасы) мен Африка Чемпиондар Лигасына(Чемпиондар Лигасы) қатысу құқығына ие болады. Бірінші болып астаналық клубтар «Малакиа» мен «Атлабараға» қатысу бұйырады. Бірақ, кедей халықта не жөнді стадион болсын, кездесу өткізетін стадион таппайды. Жоқ емес, бар, бірақ ФИФА-ны қанағаттандырмайды. Көрші Кения мен Уганда мемлекеттерінің астаналарына баруға болатын еді. Бірақ. клуб ешкім күтпеген шешімге келеді. Солтүстік Суданның астанасы Хартум қалашығына баруды ұйғарады. Ойлап қараңыз, өз қолыңды өзің байлап жауға берілгенмен бірдей қадам еді бұл. Қауіп-қатері мол тәуекел.

Бұл сапардан футболшылар бас тартпайды. Ақпан айында Хартумға конголық команда «Чараға» қарсы кездесу өткізу үшін келеді. Міне, осы кезде таңғаларлық жағдай орын алғантұғын. 35 мың көрерменді сыйдыратын стадионда ине шаншар орын болмайды. Екі мемлекеттің де тулары желбірейді. 100 жылдан астам уақыттан бері, бірінші рет бір ұлттың мақсаты мен тілегі бір болады. Суданның атақты ақындарының бірі Эль-Тауб Фарах: «біздің оңтүстіктегі бауырларымыз шайқасу үшін емес, қолдау іздеп келді. Біз оларға қолдау көрсете алдық, олар да қуанышты екенін жасырмайды»-деген болатын. Құрамында кәсіпқой футболшыларынан қарағанда, әуесқой футболшылары көп «Малакиа» матчта 0:1 есебімен есе жіберсе де, маңыздысы бұл емес еді.

Бір аптадан соң дәл сол стадионда оңтүстіктердің екінші командасы «Атлабара» ганалық команда «Берекум Челсиға» қарсы кездесуін өткізеді. Бұл ойында жеңіске жетеді. Бұнда да маңыздысы стадиондағы, матч  соңындағы атмосфера болатын. 90 минут бойы саяси, этникалық жанжалдарды да ұмытып ән салады, өшпенділіктің ізі де жоқ.  Африка футбол федерациясының өкілдерінің бірі судандық Тарик Ата: «иә, біз бұл даланы екіге бөлдік. Бәлкім, мәңгілікке бірікпесбіз. Бірақ, футбол арамыздағы қамалды тас-талқан етіп бізді біріктірді»-дейді.

Бәзбіреулер футболды алаңда 22 миллионер бір допқа таласатын жындының ойыны дейді-ау. Талғамға талас жоқ. Бірақ, ешқашан басы бірікпеген ұлттың басын біріктіргеннен кейін, футболдың құдіретіне қалайша тамсанбасқа? Бұл жағдай бәрімізге де ой саларлықтай. Солай емес пе?

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

4 комментария к записи “Ұлтты татуластырған футбол”

  1. Қазақ баласы:

    Jaraysin Faraby. Kalamin karimdi bolsin!

  2. жаксы жаздын бауырым футбол миллиондардын ойыны. Бәз біреулер футболды жындылардың ойынына тенейді. бірақ бұл қате түсінік екенін озжеріде білмейді. Футбол жалгыз акша табудын жолы емес, кейбір жанкуйерлер футболдан рахат алады. Футбол достыкты шакырады, тіпті канша жыл согыс болсада

  3. судан тугили биздин казакстаннын стадиондары европанын ойындарын откизуге жарамайды.

  4. Alibek Real:

    jaksi makala eken! osindai makalalar kop bolsa


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.