темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Әлем чемпионатын стадионнан жүргізу — сөзбен айтып жеткізгісіз дүние

20140612_180920Бүгін Әлем чемпионатын Бразилияда отырып жүргіздім. Сан-Паулу стадионында отырып, өте керемет атмосферада матч жүргізу қандай бақыт десеңізші! Бірақ, техникалық кейбір ақаулар маған кері әсерін берді. Әрине, ел телевизиясында тәжірибие жетіспейді. Біз, сол тәжірибиені алушылармыз. Бір күннің өзінде мен қаншама дүние көрдім. Әсіресе, телевизия саласында мұндай ірі додада қалай қызмет етуге болатынын байқадым. Әсерім тамаша.

Бірінші рет болғандықтан кешіріммен қарауға болады. Әйтпесе өзімнің матч жүргізгеніме көңілім толмады. Мен ол ойында тіпті басқа дүниелерге алаңдаулы болдым. Әмбебап, жылдам, шапшаң оқиғаға үйлесе кетуде меңгеру керек. Жалпы, телевидениеде сондай адамдар қызмет еткені дұрыс. Матчта комментатор болып отыру үлкен жүк. Қысым. Оның үстіне қаншама адам әлеуметтік желіде пікірлерін жазады. Ойларын айтады. Мынаны бүйт, мынаны сөйт деп. Олар комментатор емес, әрине. Бірақ, өз пікірін айтуға құқылары бар. Оның барлығы да психологиялық жүк тастайды. Чемпионат кезінде әлеуметтік желіні оқымауға тырысамын. Оның үстіне, уақытым да тапшы.

20140612_181132Мен техникалық жұмыстармен айналыспаймын. Кешігіп жететін дыбыста негізі шатағым жоқ. Мен комментатормын, менің жұмысым матчты жүргізу. Бірақ, жол-жөнекей күтпеген жағдайдан барлығы өзгере кетті. Ойын барысында басқа да шаруалармен айналысуға мәжбүр болдым. Енді, бұл қазақ телевизиясының тарихында тұңғыш рет болып отырған жоба болғандықтан бәрін түсінуге болады. Екінші таймда шамамен 3 секундқа дыбысым Қазақстанға ерте жетіп жатқанын белген соң, сәл кібіртіктеп, тоқтап барып сөйлеуге кірістім. Соның арқасы болар, екінші гол кірген кезде менің «го-о-о-о-олл!» деген айқайым Неймардың голымен тұспа тұс келсе керек. Ол кезде мен гол соғылып қойғаннан соң 3 секундтан кейін барып, айқайлай бастадым. Ал ол өте қиын нәрсе. Бірақ, екінші таймға қарай дыбыс керісінше кешіге бастады дегенді естідім. Одан кейін алаңда не көріп отырмын, сонымен бірге ілесе бердім. Кәнігі, күнделікті жүргізу әдісі бойынша.

Кезінде «Спорт» арнасы 2008 жылғы Еуроны көрсеткен кезде де тура осындай жағдай болған. Адамзат баласы ғаламтор мен жылдам хабар алдыртатын түрлі құрылғы ойлап тапқанымен 2-3 секундтық қас-қағым сәттің орнын толтыра алмай келеді. Мүмкін, соны біздің қазекеңдер біркүні жасайтын да шығар. Бірақ, әзірге біздің оған деңгейіміз жетер емес.

P.S

Дәл қазір мен «Коринтианс» аренаның астындағы баспасөз орталығында отырмын. Санаулы сағаттан соң, қонақүйге барып, заттарымды алып әуежайға тартамын.  Белу-Оризонти қаласын бетке алмақпын. 14 күні онда Колумбия — Грекия арасындағы кездесу болады. Ұйқы мен тамақ тапшылығына әзірге тойтарыс беріп келемін. Тек кеше түнде мұрыннан қан кеткені болмаса))))

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

2 комментария к записи “Әлем чемпионатын стадионнан жүргізу — сөзбен айтып жеткізгісіз дүние”

  1. S.Erkebulan:

    Иа бас жағында дыбыс бірінші жетіп артынан керісінше болды. Енді бірінші рет болғасын ондай болады ғой. Тек бір айтарым
    жүргізгенде сөзіңнің көбі сол болып жатқан футбол жайында болса екен. Әйтпесе бұрынғы тарихтарды айтып жатқанда сол туралы ойлап ойды бөле береді, футбол қарағандай болмай қаласың. Жұмысыңа сәттілік тілеймін.

  2. BaHa:

    3 секунд бурын гол деп айтып койганда голдын кайталауын коргендей боласын. куанада алмайсын.
    P.S;1 EURASIA ТЕЛЕАРНАСЫНЫН БОЛЖАУШЫ КОЯНЫ ТАГЫ ДУРЫС БОЛЖАДЫ.КЕШЕ ГОЛЛАНДИЯНЫН ЖЕНЕТIНIН БОЛЖАГАН ЕДI


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.