темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ресей өте маңызды ойында жеңіске жетті

Леонид Слуцкийдің баптауымен Ресей өз алаңында Швецияның сағын сындырды

Нәтиже көрсете алмаған атақты Капеллоны орнынан босатып, Ресей футбол федерациясы орнына «ЦСКА»-ның бапкері Слуцкийді қойған болатын. Жаңа бапкердің қол астында ресейліктер жарқын ойын көрсетіп жеңіс тойын тойлады. Матчтағы жалғыз голдың авторы-Артём Дзюба. «Зениттің» шабуылшысы клубтағы әріптесі Смольниковтың пасынан кейін бос қалған қақпаның бұрышын дәл көздеген еді. Скандинавия түбегінің өкілдерінде ойын соңында есеп теңестіруге жақсы мүмкіндік болғанымен Акинфеев қақпасын таза голдан сақтап қала алды.

«G» тобында Австрия жеке-дара көш бастап тұр. Екінші орындағы Швеция болса олардан 4 ұпайға қалып келеді. Еншісінде 12 ұпай. Ал, 7 ойыннан кейін 11 ұпай жинаған Ресей ұлттық құрамасы үшінші орында.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.