темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Қанат Мұсатаев: Жақсы футболшылар тәрбиелеп шығатынымызға сенемін

1 желтоқсан күні Шымкентте футбол академиясы ашылады. Испаниядан келген жаттықтырушылар Оңтүстік өңірдің балаларын қарап шығады. Іріктеуден өткен алғашқы үш топ кәсіби деңгейде жаттығуды бастап кетті. Академия жетекшісі Қанат Мұсатаев жас футболшылардың жаттығуы мен академияның ашылуы жөнінде әңгімелеп берді.

Қанат Бектілеуұлы, академияны ашуға дайындық қалай жүріп жатыр?

Дайындық толықтай жүргізіліп жатыр. Сынақ мерзімінде қыркүйек айында жұмысты бастадық. «Барселона» футбол мектебінен кәсіби бес жаттықтырушы шақырылды. Олар 2001-2004 жылы туған 600-ден астам баланы қарап шықты. Бүгінде іріктеуден өткен 65 бала жаттығып жүр. 2001, 2002 жылы туған балалар аптасына 6 оет жаттығу жүргізеді. Төменгі топтар аптасына 5 рет жаттығу жасайды. Жексенбі күндері футбол орталықтары, спорт мектептерімен жолдастық матч өткізеді. Қаңтар айында 2004 жылы туған балалардың тобын қосуды жоспарлап отырмыз. Осы сәтті пайдалан отырып, барлықтарыңызды балаларға қолдау білдіріп, біздің Академияның ашылу рәсіміне қатысуға шақырамыз. Испаниялық мамандармен сөйлесіп, жаттығуды тамашалауға мүмкіндік бар.

Испаниялық мамандарға тоқтала кетсеңіз?

Пиреней түбегінен бес жаттықтырушы келді. Олар Испания футбол мектептерінде тәжірибесі бар. Үш жаттықтырушы Карлос Феррер, Жорди Гратакос және Жасин Магрино топтармен жұмыс істейді. Дене даярлығына жауапты маман — Марк Кастеллсагие. Ал, қақпашыларды Микель Туозон дайындайды. Жаттықтырушылардың деңгейі өте жоғары, өз жұмыстарын біледі. Балалармен тез тіл табысты. Балаларға ұнайды. Олардың әрекеттеріне қарап, жаттықтырушылардың жұмысын бағалаймын. Өңірдің ең үздік футболшылары іріктеуден өтеді. Жақсы футболшылар тәрбиелеп шығатынымызға сенемін. Олар келешекте ұлттық құраманың негізін құрайтын болады. Қазақстан футбол федерациясының тағы үш аймақта футбол академиясын ашу жоспары бар. Олар — Өскемен («Шығыс»), Ақтөбе («Батыс») және ел жүрегі – Астана. Олар бұл академияларда да өз тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Айта кету керек, Елбасының қолдауымен бұқаралық футболға, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде футболмен шұғылданатын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде олар шамамен 400 мыңды құрайды. Соңғы жылдары Кәсіпқой футбол лигасының жанынан 14 футбол орталығы құрылды. Оларда 5 мыңнан астам футбол ойнайды. Қазақстанның төрт аймағында футбол академиясы ашылғаннан кейін футболмен шұғылданатын балалардың саны 500 мыңнан асып түспек.

Бұл жобаны кім қаржыландырады?

Академия мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің әріптестігінің ынтымақтастығы арқасында құрылды. Академияның үш құрылтайшысы бар. «БИІК» футбол инфрақұрылымы мен қонақүйді ұсынады. ОҚО әкімдігі академияны жартылай қаржыландырады. Қазақстан футбол федерациясы жаттықтырушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, спорттық жабдықтармен мен киімдер береді. Испаниялық жаттықтырушылар «БИІК» базасындағы қонақүйде тұрады. Сол жақта жаттығу жүргізеді. Өзге өңірлердің балалары да осы базаға орналасады.

Шымкент қаласындағы академия жұмысқа қажетті заттардың барлығымен жабдықталған. «БИІК» базасында жаңа қонақүй мен 9 футбол алаңы бар. Оның көпшілігі табиғи алаң. Алғашқы академиня Оңтүстік өңірде ашу кездейсоқ таңдалғн жоқ. Өйткені, дайын инфрақұрылым, қолайлы ауа-райы, сонымен қатар, бұл аймақта футболмен айналысатын балалардың саны өте көп.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.