темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Шомко жиі шатасып жүр

%e5%9b%be%e7%89%872

Бас командамызда бәсеке көрігі ең қызу позиция — сол қапталдың қорғаныс қызыметі болып табылады. Себебі ол орында еліміздегі ең ірі екі клубтың қорғаушылары өнер көрсетеді. Бұрындары біз Шомко қорғаған қапталдан қауып күтпейтінбіз. Ол да еліміздегі ең мықты сол қанат қорғаушысы саналатын. Бірақ соңғы кездері Дмиртийдің де шеберлігінен шикілік шыға бастады. Бұған “Қайрат” қорғаушысы Ғафуржан Сүйінбаевтің күшті басекелестігі қосылып, еліміздегі ең қымбат қорғаушының өз орынынан айырылып қалу қаупы туындағанын байқадық.

Дмитрий Шомко еліміздегі ең үздік қорғаушылардың бірі. Солтүстік өңір футболының тумасы саналатын Дмитрий өз мықтылығын ерте мойындата білді. Сонау “Екібастұз” командасының жейдесіне жүргенде-ақ еліміздің жасөспірімдер құрамасына шақырту алып үлгірген. Бұдан бөлек ол еліміздің әр жастардағы ұлттық құрамасының намысын қорғаған санаулы ойыншылардың бірі саналады. 2009 жылы “Ертіс” командасына ауысқан соң еліміздің екінші командасы жастар құрамамызда да тұрақты өнер көрсетіп жүрді.

%e5%9b%be%e7%89%871

 

Шомко “Астана” командасына келген соң қазақ футболындағы жарық жұлдыздардың біріне айналды. Өзінің керемет қорғану қабылетімен, жылдамдығымен, жойқын соққыларымен мамандардың мақтауына бөленді. “Астана” командасының ғана емес Қазақстан ұлттық құрамасының да ең белді ойыншысы атанып үлгірді. Біз көп уақыт бойы халқаралық жарыстарда дәл осы Дмитрий қорғаған қапталдан қауып ойламайтын едік. Қорғаныс пен қатар шабуылға да жиі араласатын ол әдемі голдар да соғып тұратын. Өткен екі- үш жыл көлемінде сол қапталға қай қорғаушыны шығарсам екен деп бас қатырып жүрген бапкерді де, Дмитридің командадағы орынына күдік келтірген жанкүйерді де көрген емеспіз.

Осы ерекшеліктерінің арқасында ол еліміздегі ең қымбат қорғаушы болып табылды. Германияның Transfermarkt порталы оның құнын бір милион еуро деп бағалаған болатын. Бірақ, Германдар бір милион тұратын футболшы деп бағалағанымен өзіміз үшін жүз милиондық құнға ие қорғаушымыз  соңғы кездері қателікке жиі жол беріп жүр. Ойын барысындағы кіші-кірім қателік, сәтсіздікті санамалап отырмаған күннің өзінде, тікелей қақпамызға гол соғылуына себеп болған қателіктерінің өзі көптеп кездесе бастады.

Салыстыру үшін айта кетейік, былтыр “Астана” командасы чемпиондар лигасына шығу жолында өткізген 6 кездесуде Шомко бір гол соғып, екі голдық пас берген. Алты ойында тек екі мәрте сары қағазбен жазаланған. Ал биыл дәл сондай бес кездесуге қатысып төрт бірдей ескерту алған. Тіпті “Селтикпен” өткен екінші ойында алаңнан да қуылды. Ал бұндайда гол мен голдық пасты күтпей-ақ қойыңыз. Егер премер лига ойындарымен қосып есептейтін болсақ соңғы сегіз кездесуде бес сары қағазбен айыпталыпты.

Дмитрийдің Қазақ жанкүйерлерін ең өкіндірген сәті бұл емес, “Астана Аренада” өткен “Селтикке” қарсы кездесуде болатын. 2016/17 жылғы чемпиондар лигсына ірктеу додасы, үшінші електік кезең, қарсылас Шотландияның чемпионы “Селтик”! Өз алаңымызда сөзсіз тиімді нәтижеге қол жеткізбесек Глазгода қиын болатыны айдан анық. Команда ойынның 80 минутына дейін жеңіп жатқан болатын, дәл осы кезде Шомконың баланың қателігін жасап қарсыластардың есепті теңестіріп кетуіне мүмкіндік беріп қойғанына жанкүйер қауым әлі өкпелі. Негізі ешқандай да гол соғылатын жер емес болатын, доп толықтай біздің қорғаушының бақылауына өткен, бірақ, Дмитрий доптың өз еркімен алаң сыртына кеткенін күтем деп оңбай қателесті. Оның бұл жайбасарлығын Патрик Ребертс кешіре қойған жоқ, допты тартып алды да өз шабуылшысын голдық паспен қамтамасыз ете қойды. Егер Шомконың осы қателігі болмағанда командамыз төрт жыл бұрынғы “Шахтердің” есесін қайтара ма еді, кім біледі?

Чемпиондар лигасында Шомконың шатасуының соңы бұл емес екен. Сырт алаңда өткен қарымта кездесуде ойынның соңына қарай Шитовтың алаңнан қуылып кеткенін көре тұра, өз-өзін тиып ұстамай ол да қызыл қағазбен жазаланып команданы мүлдем қиын жағдайға қалдырды. Глазголдағы кездесудің мәселесі шешілді дегенмен, алда тағы Еуропа лигасының плей-офф кезеңі бар екенін естен шығармауы керек еді. Абырой болғанда “Астана” өз алаңында БАТЭні Шомкомен Шитовсыз-ақ ұтып кетті. Егер осы себептен ұтылып қалғанда не болар еді?

1-1

“Астана” командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсіп, өткен күннің өкініштерін ұмыта бастағанымызда, Дмитрий ұлттық құрама сапында да қателікке бой алдырды. Тағы да “Астана Аренада”. Польша құрамасына қарсы кездесудің бар болғаны сегізінші минутында Шомконың қапталынан басталған шабуыл голға ұласты. Бұл голдың соғылуында барлық қорғаушыларымыздың қателігі бар дегенмен, әу баста доп Дмитрийдің екі аяғының арасынан сытлып кеткен болатын. Егер біздің қорғаушы қырағылық танытып, доптың өзінен оңай өтіп кетуіне жол бермегенде гол да соғылмас еді.

Екінші таймда командамыз есепті теңестіріп енді орынына түсе бастаған жүрегімізді Шомко жігіт және бір солқ еткізді. Ойынның 64 минутында әуелеп келген допты теуіп қайтарам дегенде, аяғына қисық тиіп қаңғыған доп өз айып алаңымыздан бірақ табылды. Абырой болғанда басқа қорғаушыларымыз қарсыластардан бұрын қимылдап допты алаң сыртына шығарып үлгірді, болмағанда Шомкоға айтылар сын бұдан да ауыр болар еді. Өйткені, ол жерде біздің Дмитрий соншалық асығыстық жасамаса да болатын еді.

Ойын барысында Хижниченкоға әдемі голдық пас шығарып беріп өз қателігін жуып-шайды дегенімізбен Шомкоға бұлай қателесе беруге болмайды. Онсызда талантты ойыншыларға тапшы құрамамыз тағы бір тамаша ойыншысын жоғалтқаннан біздің ұтар ештемеміз жоқ. Қайта командадағы әр ойыншы талантына талап қосып, әлеуетін арттыра түссе екен дейміз. Футболшының шеберлігі артса команданың деңгейі көтерілетіні сөзсіз ғой.

%e5%9b%be%e7%89%872

Бұдан бөлек, егер Шомко өз қателгін дер кезінде түзей алмаса ұлттық құрамадағы негізгі орынынан айырылып қалуы мүмкін. Баста айтқанымыздай “Қайраттың” қорғаушысы Ғафуржан керемет ойындарымен көзге түсуде. Дмитриймен түйдей жасты шымкенттік жігіт құрдасынан сәл кеш танылды демесеңіз шеберлігі бір мысқал да кем емес. Қайта соңғы кездері Шомкодан озып бара жатқандай да көрінеді. Онысызда бапкерлер құрамадағы талас ең жоғары позицияға кімді қоярын білмей бастары қатып жүрген секілді. Ойындарға бірде Ғафуржанды, бірде Дмитрийді шығарып жүргені сондықтан болар. Тіпті, Грузиямен болған ойында екеуін бірдей алаңға шығарып да көрді. Бұл енді екі мықты футболшының сірә қайсысы мықты екенін бір алаңда сынап көру үшін болу керек. Қырғыздарға қарсы керемет ойынынан кейін “Қайрат” қорғаушысын қосалқы құрамда қалтыру бапкерлер тарапынан Шомкоға жасалған ең соңғы жеңілдік болуы мүмкін. Ол тез арада өз ойынын таппаса келесіде сенім Сүйімбаевқа артылары сөзсіз.

 

Қуаныш ҚАППАС

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.