темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«АСТАНА» — «ОЛИМПИАКОС» МАТЧЫ: КІМ ЖЕҢЕДІ

58093395bdf4f

«Астана» футбол клубы үшін биылғы маусым өте нәтижелі болды. Жақында ғана ҚПЛ-дың үш дүркін чемпионы атанған еді. Көкшетаулық «Оқжетпеспен» көрсеткен ойыны чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Чемпион болғаннан кейін, ендігі мақсат — Еуропа лигасында абыроймен өнер көрсету. «Астана Аренада» өтетін бұл матч «Астана» футбол клубы үшін өте маңызды жəне сəл қиын болуы мүмкін. Оның себебі бар. Өйткені, жартылай қорғаныста өнер көрсететін Рохер Каньяс «Олимпиакос» алаңында екі бірдей сары қағаз алып, ойыннан шеттетілген еді.

Одан бөлек, Нұрғалиев, Ибраими, Тағыберген сынды белді ойыншылар жарақаттың салдарынан өз командасына көмек бере алмайды. Бірақ, Неманья Максимович, Шомко, Кабананга, Патрик Твумаси тəрізді азулы ойыншылар нәтижелі ойын көрсететіні анық.

Еуропа лигасының B тобында 6 ұпаймен Астананың қарсыласы грекиялық «Олимпиакос» көш бастап тұр. Ал «Астана» небəрі 1 ұпаймен əзірге тізімнің соңында орналасқан. Гректер осыған дейін бес кездесуін жеңіспен аяқтаған екен.

Бірақ, «соme back arena» аталып кеткен алаңда «Астана» футбол клубы еурокубок бəсекелерінде соңғы 10 матчта жеңіліп көрмеген. Тек 2014 жылы испандық «Вильярреал» командасынан 0:3 есебімен жеңілген еді. Тіпті күллі Еуропаға танымал «Бенфика», «Атлетико Мадрид» тəрізді беделді командалармен тең дəрежеде өнер көрсетіп, айды аспаннан шығарған болатын.

Қарашаның 3-жұлдызында Астанада «Олимпиакос» командасын қабылдаймыз. Мінезді «Астана» əдеттегідей жеңіліс таппайды деген үміт басым қалың қазақта. Станимир Стойлов бастаған жігіттер жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысатыны анық. Алайда, Паулу Бентудың шəкірттері де оңай беріле салатын ойыншылар емес.

Баян Қабден

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.