темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Англия кубогы. Раньеридің қайғысына қайғы қосылды.

Сенбі және жексенбі күндері Англия кубогының 1/8 финалының ойындары өтті. Тартысты өткен бұл кезеңнің кездесулері көпшілік күткендей сенсацияға толы болды. Атап айтар болсақ, Премьер-лигада өнер көрсететін «Бернли» өз алаңында Нон лиганың «Ликольн сити» клубын қабылдап,0:1 есебімен жеңіліп, жанүйерлер сенімін ақтамады. Ал чемпионаттың былтырғы жеңімпаздары, алайда соңғы кездері  жағдайы мәз емес  «Лестер» қонақта Бірінші лигада доп тебетін «Миллуол» клубынан жеңіліс тауып,  жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Хосеп Гвардиола баптайтын «Манчестер сити» қонақта Чемпионшипта әжіптеуір өнер көрсетіп жүрген «Хаддерсвилд» клубының тас қамалын бұзалмай, тең есепті қанағат етті. Енді осы өткен кездесулерге қысқаша шолуымызды ұсынамыз.

«Бернли» – «Линкольн Сити»-0:1

Осыдан бірнеше ай бұрын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған «Линкольнның» бас бапкері Дэнни Коули, командасын Ағылшын кубогының 1/8 финалына шығарған болатын. Ал, бүгін оның шәкірттері бапкер сенімін ақтап,  «Терф Мур» стадионында жергілікті «Бернлиден» айласын асырып, келесі кезеңге өтті. Алаңға жиналған жанкүйерлер голды тек кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда ғана көрді. Жалғыз голдың авторы-Рэджет. Осылайша, Нон лиганың тарихында соңғы 103 жылдың ішінде бірінші болып, Англия кубогының ¼ финалына жолдама алған, «Линкольн» тарихқа енді.

«Миллуолл» – «Лестер»-1:0

Нэйл Харрис жаттықтыратын Бірінші лиганың «Миллуолл» клубы өз алаңында Варди, Марез бастаған «Лестерді» қабылдап, қонақтардың қалпағын қайырды. «Ден» алаңында өткен кездесуде қонақтардың шабуылдарына төтеп бере алған алаң қожайындары кездесу аяқталарда осы ойындағы бірінші және соңғы голды соғуымен қатар келесі кезеңге өтіп, өз жанкүйерлерінің алдында ерледі. Чемпионатта жолы болмай жүрген, оның үстіне, кубоктық бәсекеден жеңіліс тапқан «Лестердің» бас бапкері  Раньеридің ендігі жағдайы не болмақ?!

«Хаддерсвилд»– «Манчестер Сити»-0:0

«Хаддерсвилд» Англия Кубогының финалында 5 мәрте ойнап, тек біреуінде ғана жеңіс тұғырынан көрінген. Осындай тарихымен мақтанатын алаң иелерінің жанкүйерлері бүгінгі кездесуде сүйікті командасын барынша қолдады. Қонақтардың шабуылдарына стадионға жиналған фанаттарынан қолдау алған  Дэвид Вагнер шәкірттері кездесу аяқталғанша төтеп беріп, бапкер сенімін ақтап, тең есепті сақтап қалды. Енді қос команданың қайсысы келесі кезеңге өтетінін анықтау үшін тағы бір ойын ойналатын болады.

«Вулверхэмптон» – «Челси»-0:2

Ағылшын Премьер-лигасын жеке-дара көш бастап тұрған лондондық «Челсиді» өз алаңында қабылдаған «Вулерхэмптон» 0:2 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. Контенің үкілеген үмітін ақтаған лондондықтар кездесудің 65-ші минутында Педроның көмегімен есеп ашты. Артынша ойын аяқталар сәтте Коста өзінің кезекті голын соғып, кездесуге нүкте қойды. Биылғы жылы лигадағы жеңісті басты межеге қойған «аристократтардың», кубокта да жеңіске жеткісі келетіндерін жоққа шығармайды.

«Мидлсбро» – «Оксфорд»-3:2

Тартысты кездесулердің бірі Мидлсбро қаласында өтті. АПЛ-да бақ сынайтын алаң қожайындары кімнің мықты екенін көрсетіп, «Оксфордтан» келген қонақтарды жарыс жолынан шығарып тастады. Ойын басталысымен шабуылға көшкен Айтор Каранка шәкірттері  кездесудің 26-шы минутында пенальтиден  есеп ашты. Лидбиттер 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Араға 8 минут салып алаң иелері есепті еселей түсті. Голдың авторы-Жестед. Екінші таймда ес жинап, алаңға сергек шыққан қонақтар 4 минуттың ішінде екі гол соғып есепті теңестірді. Магуире мен Мартинез голдарын соғып командаларын алға сүйреді. Алайда жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысқан «Мидлсбро» жеңіске жетті. Стуани өз командасын келесі кезеңге алып шықты. Ертең, қалған кездесулер ойналып, ¼ финалының  барлық қатысушылары іріктелген  соң жеребе рәсімі өтеді. Ағылшын кубогының қазіргі жеңімпазы «Манчестер Юнайтед» екенін естеріңізге сала кетейік.

Руслан МЕРАЛИЕВ

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.