темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Мадридтіктер» Эль-Мадригалда мінез көрсетті

%d1%80%d0%b5%d0%b0%d0%bbИспанияда чемпиондыққа талас қызып тұр. Ла-лиганың 24-турында, жергілікті «Вильяреал» мен мадридтік «Реал» күш сынасты. Мадридтіктер 3-күн бұрын ғана «Месталья» стадионында «Валенсия» футбол клубына 2-1 есебімен есе жіберіп, басты қарсыласы «Барселонаға» ұпай айырмасын қысқартуға мүмкіндік жасаған болатын. Сондықтан, Зинедин Зидан шəкірттері бұл ойынға үлкен жауапкершілікпен шықты.

Ойын бастала салысымен екі жақты алма-кезек шабуылдар өрбігенімен, футболшылар шешуші сəтте мүлт кетіп жатты. Екінші таймға қанаттанып шыққан «сары сүңгуір қайықтар» («Вильяреалдықтардың» лақап аты ) оңай шағылар жаңғақ еместерін дәлелдеді. Кездесудің 50-минутында Адрианның алға асырған добына қорғаушылардан бұрын жеткен, жас талант — Кастильехо сəл ғана қайыра артқа пас жасады. Тура аяғына салынған допты Тригерос қақпа торына бағыттады. Алаң иелері есеп ашты. 1-0. Есепті теңестіру үшін барын салған «реалдықтар», қорғаныста қателік жіберді. Қарсы шабуылға иек артқан алаң иелері 57-минутта есепті еселеді. Сориано жылдамдығы жоғары Бакамбуді нəтижелі паспен қамтамасыз етті. Рамостың сол жағына ығысқан Бакамбу Кейлор Навастан айласын асырды. Міне, керемет. 2-0. Санаулы минуттан соң, екі команда ойыншыларын алмастырды. Сүңгуір қайықтар Адрианның орнына кантерано Денис Черышевты ауыстырды. Ал ойын тактикасын өзгерткісі келген Зизу Карлос Каземироның орнына, Иско Аларконды шығарды. Зизу ойынды оқи алған екен. 64-минутта Искодан пас алған Карвахаль, қақпа түбіндегі Бэйлға əуелетіп доп асырды. «Вильяреал» қорғаушыларынан бұрын жеткен Гаррет Бэйл қақпа торын тулатты. 2-1. Қарқындарына қаһар қосқан «мадридтіктер» ойынның 72-минутында 11 метрлік айып добын тебуге мүмкіндік алды. Тони Кроостың айып алаңның тұсынан жасаған ауыр соққысы Сорианоның қолынан табылды. Қақпашы Андрес Фернандес Криштиану Роналдуға тосқауыл бола алмады. Есеп 2-2. Міне, керемет. Жеңісті жұлып алуды көксеген «мадридтіктер» 77-минутта форвардтарды ауыстырды. Алаңға Кəрім Бенземаның орынына, Альваро Мората шықты. Ойынның 84-минутында Кастильехо алаң ортасында доптан айырылды. Жылдам шабуылға шыққан Мадридтіктердің барлығы алға ұмтылды. Өзіне қарсы екі ойыншының жабылғандығын байқаған Роналду Марселоға сəтті пас шығарды. Керемет кроос жасаған Бразилиялық Моратаға əуелетіп доп асырды. Мората мүлт кетпеді. Камбэк. 2-3. «Реал Мадрид» қонақта жеңісті жұлып əкетті. 24 турдан кейін Ла Лига кестесінде мадридтік «Реал» 54-ұпаймен көш бастаса, 53-ұпай еншілеген «Барселона» футбол клубы өкшелеп келеді. Ал, чемпиондыққа үміткерлердің үштігін 52-ұпаймен «Севилья» қортындылап тұр. Мадридтіктер келесі кездесуін 2-наурыз күні, Астана уақытымен түнгі 02:30- да «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Лас-Пальмас» футбол клубымен өткізеді.

Ержігіт Күнтубаев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.